Шымкент жаңалықтары


Шымкент — Республикалық маңызы бар қала.
Қазақстанның негізгі өнеркәсіп, сауда және мәдени орталықтарының бірі. Шымкент қаласы ТМД-ның 2020 жылғы мәдени астанасы мәртебесіне ие болды.
Ғалымдар Шымкент туралы кездесетін әр түрлі тарихи деректерді атай отырып, қала атауының мағынасын "бау-бақшалы қала", "Жасыл қала", "Шыммен қоршалған қала" - деп түсіндіреді. Мысалы, шымға қатысты қала атауы былай деп түсіндіріледі: Шымкент түркінің "Шым" және иранның "Кент" - қала, мекен деген сөздерінен құралған. Ал басқа түсіндірмеде қала атауы соғдының (иранның) "чиминь-чемень" яғни, көгалды, гүлденген алқап, ал бұған "Кент" сөзінің жалғануымен, "жасыл (гүлденген) қала" деген мағынаны білдіреді.
Шымкент – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Шымкент қаласы Ұлы Жібек Жолы керуен көшінің жолында орналасқан. Көптеген жылдардан бері көне қалада ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіліп, шетелден келетін туристердің саны артып келеді.
Халық санының көлемі жағынан Шымкент қаласы бүкіл республика бойынша үшінші орында. 2022 жылғы статистика бойынша қалада шамамен 1 107 000 халық бар. Алайда, бейресми мәліметтер бойынша, Шымкент қаласында халық саны әлдеқайда көп.
Шымкент қаласы – қазақ елінің сауда, мәдениет, өнеркәсіп орталықтарының бірі. Қалада қазақ, славян, өзбек, татар, неміс, еврей, корей, поляк, башқұрт, әзірбайжан т.с.с. өзге ұлт өкілдері тату тәтті өмір сүріп жатыр.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов.
Шымкент қаласының телефон коды 8 725