+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Новости

Полный текст выступления Главы государства на встрече с победителями проекта «100 новых лиц Казахстана»

30 Апреля 2021 15:52
Поделиться:
Полный текст выступления Главы государства на встрече с победителями проекта «100 новых лиц Казахстана»

НУР-СУЛТАН. КАЗИНФОРМ – МИА «Казинформ» публикует полный текст выступления Главы государства Касым-Жомарта Токаева на встрече с победителями проекта «100 новых лиц Казахстана», передает МИА «Казинформ» со ссылкой на пресс-службу Акорды.

Новости по теме
Казахстанская актриса рассказала, как меняется отечественная киноиндустрия Международные форумы, вакцинация - обзор недели в Казахстане Казахстан принял участие в международном исследовании Приэльбрусья

Қадірлі достар!

Ең алдымен баршаңызды бүгінгі жарқын жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Биыл «Жүз жаңа есім» жалпыұлттық жобасы қастерлі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында өткізіліп отыр.

Елбасының бастамасымен қолға алынған ауқымды шара арқылы көптеген қазақстандық бүкіл елге танылды.

Жалпы, әр ұлттың қаймағы саналатын таңдаулы азаматтары болады.

Елді алға бастайтын да, әлемге танытатын да – осындай ерекше жандар.

Халқымызда «Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» деген қанатты сөз бар.

Сіздер өз дарындарыңызбен көпшілікті мойындата білдіңіздер.

Мемлекетімізді өркендетуге айрықша үлес қосып келесіздер.

Қазақстанды басқа елдер өздеріңіз арқылы бағалайды. Сіздерді біздің мемлекетіміздің мақтанышы деп айтсақ артық болмайды.

Бүгінде әлемдік деңгейдегі алпауыт компанияларда абыройлы еңбек етіп жатқан жерлестеріміз көп.

Қазақтың қандай халық екенін жер жүзіне танытып жүрген бірнеше азамат осы жобаның жеңімпазы атанды.

Біз түрлі салада жетістікке жеткен осындай отандастарымыздың еңбегін дәріптеуіміз керек.

Өйткені, табысты жандардың тәжірибесі әрдайым басқаларға үлгі-өнеге.

Өскелең ұрпақ өздеріңізге қарап бой түзейді, ұқсауға тырысады.

Мен еліміздің әрбір перзенті сіздер сияқты өнегелі болсын деп тілеймін.

Қазақ «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» деп, дара тұлғаларының мерейін асырған.

Бүгінгі белес сіздерді жаңа биіктерге бастайды деп сенемін.

Шын мәнінде, елімізде өз кәсібінің майталманы атанған жастар аз емес.

Ортамызда медицина, білім-ғылым, экология, IT технологиясы және басқа да салалардың өкілдері отыр.

Қазіргі күрделі кезеңде бұл мамандықтардың қай-қайсысы да айрықша маңызды.

Терең білімін озық тәжірибемен ұштастыра білген азаматтар елімізді алға жетелейді.

Осы орайда, тәуелсіздік кезеңінде өсіп жетілген буынның қарым-қабілетін жоғары бағалаймын.

Білімді әрі саналы ұрпақ тәрбиелеу – бұл аса маңызды мемлекеттік міндет. Еліміздің болашағы дарынды, отаншыл жастардың қолында болуы керек. Солай боларына кәміл сенемін. Осы стратегиялық мақсатқа қол жеткізу үшін жүйелі реформаларды міндетті түрде жалғастырамыз.

Уважаемые участники проекта!

За годы Независимости наша страна прошла большой путь.

Благодаря единству и согласию в обществе, созидательному труду всех казахстанцев мы добились серьезного прогресса в развитии.

Здесь можно привести много цифр и фактов, отражающих наши успехи, но важно помнить, что все измеряется в людях – в их благополучии, достижениях и устремлениях.

Вы – наше безусловное богатство, именно вам предстоит построить процветающий, справедливый, прогрессивный Казахстан.

Поэтому всестороннее укрепление человеческого капитала было и будет главным приоритетом нашего государства.

Инициированный Елбасы проект «100 новых лиц» – это по сути яркая иллюстрация впечатляющих историй успеха наших соотечественников, которые стали воплощением созидательной энергии нашей нации и сакрального значения нашей Независимости.

Этот проект уже четвертый год знакомит страну с талантливыми и целеустремленными казахстанцами.

За время его существования в нем приняло участие более 7,5 тысячи человек.

У них разные жизненные пути, они разных возрастов и национальностей, из самых разных сфер деятельности и всех уголков Казахстана.

Но их объединяют одни ценности и взгляды – это трудолюбие и стремление к созиданию, вера в себя и полная отдача любимому делу.

Благодаря проекту вся страна узнала о враче-репродуктологе Айдосе Ибрагимове, который своей уникальной методикой лечения помог многим людям обрести счастье иметь детей.

Имя музыканта, финалиста проекта 2019 года Иманбека Зейкенова, недавно получившего, наверное, самую престижную премию «Grammy», и вовсе прогремело на весь мир. Его достижение беспрецедентно не только для Казахстана, но и всего СНГ.

Не менее впечатляющие истории и победителей нынешнего четвертого сезона проекта, в котором, несмотря на все ограничения и сложности, связанные с пандемией, приняло участие рекордное количество людей – 2790.

Вы представьте себе, какое огромное количество талантов мы имеем в Казахстане, это достижение, это безусловно гарантия нашего успеха в будущем.

Особенно радует, что в этом году среди финалистов много врачей, учителей, волонтеров.

Вы, Улан, наглядно продемонстрировали, что даже в условиях жесткого карантина и дистанционного формата обучения можно оригинально подавать качественный учебный материал. Профильному министерству нужно взять на вооружение такие современные методы.

Екатерина, Вы своим примером показываете неравнодушное отношение к экологической ситуации в стране. Вопросы защиты окружающей среды, экологического просвещения остро стоят во всем мире. Можно сказать, это вопрос номер один мировой повестки. Ваши идеи актуальны. Министерству экологии следует изучить и проработать ваши предложения.

Я впечатлен работой Ахата, который в своем родном крае по сути дела построил новый мост, чем порадовал местных жителей.

Я поддерживаю предложение нашей хоккеистки Булбул распространить секции для девочек по хоккею шайбой. В целом я поддерживаю все предложения, направленные на развитие массового спорта, физкультуры, женского спорта, о чем я говорил в своем Послании.

Ал, Санжар мен Дамир жоғары технология саласында бірегей жобаларды жүзеге асырды.

Болашақтың кілті цифрландыру мен инновацияда екенін білесіздер.

Қазір робот жасау ісін белсенді дамытуға және ғарышты игеруге баса мән берген жөн.

Жалпы, мемлекет талантты азаматтардың жаңа бастамаларына барынша қолдау көрсетеді.

Арамызда коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны әзірлеуге атсалысқан мамандар отыр.

Сондай-ақ, волонтерлер мектебін ашқан, спорт саласында дүние жүзін мойындатқан, әлем әдебиетін қазақ тілінде сөйлеткен азаматтар да ортамызда.

В целом все участники и победители проекта проявили свои самые лучшие качества, добились значимых достижений на профессиональном и общественном поприще.

Ваш успех олицетворяет успех Казахстана. Своим примером деятельного патриотизма вы мотивируете всех казахстанцев. Ваши истории убедительнее любой статистики.

Уверен также, что этот замечательный проект придал всем вам серьезный импульс для дальнейшего развития, открыл широкие горизонты для реализации новых идей на благо общества и страны.

Казахстан может и должен гордиться своими лучшими представителями, коих среди молодежи огромное количество.

Именно вам, прогрессивной, талантливой, патриотичной молодежи, принадлежит будущее Казахстана. Вы должны готовиться к тому, чтобы взять на себя бразды правления нашим государством. Что касается нас, то мы сделаем все возможное, чтобы это стало явью.

Құрметті достар!

Қазіргі таңда Қазақстанның алдында ауқымды жаңа міндеттер тұр.

Біз 30 жылда жеткен жетістіктерімізді еселей түсу үшін елімізді жан-жақты дамыта беруіміз керек.

Тың бастамаларды қолға алып, жасампаз ұлт атануымыз қажет.

Мемлекет шығармашылықпен айналысуға, білім мен ғылымға, жастарды қолдауға баса назар аударып отыр.

Осы жолда тиімді әлеуметтік лифт қалыптастырудың орны бөлек.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы – осы бағыттағы табысты саясаттың айқын көрінісі.

Сондай-ақ, Президенттік жастар кадрлық резерві өскелең ұрпақтың ел дамуына өз үлесін қосуына мол мүмкіндік беріп отыр.

Последовательные преобразования в общественно-политической сфере открывают широкие перспективы для участия активных граждан в политике и принятии важных государственных решений.

Наша нация обладает колоссальным потенциалом для развития креативной индустрии.

На современном этапе креативная экономика привлекает миллиарды долларов инвестиций, об этом вы хорошо знаете. Креативная экономика становится важной составляющей устойчивого экономического роста и социального прогресса.

Казахстанская культурная волна уверенно пробивает себе путь на региональном и глобальном уровнях. Мы должны грамотно воспользоваться имеющимися возможностями для популяризации и продвижения своей культуры в мире.

Поэтому я поручил Правительству принять комплексные меры для поддержки этой стратегически важной отрасли.

В целом реализуемая нами системная модернизация направлена на всестороннее раскрытие потенциала людей.

Год 30-летия Независимости должен заложить основы нового прорыва страны в этом направлении.

Как я уже говорил, мы должны наполнить этот важный для нашей государственности юбилей конкретными делами и проектами, направленными на нужды и потребности граждан.

Деятельность и инициативы победителей проекта «100 новых лиц» в полной мере отвечают этой насущной задаче.

Для более эффективного продвижения их идей и предложений следует на системной основе внедрить практику регулярных встреч финалистов с руководителями центральных государственных органов. Я полагаю, это будет взаимно полезно.

Проект «100 новых лиц» является реальным воплощением казахстанской мечты. Мечты, где каждый талантливый, трудолюбивый, целеустремленный человек может стать героем нашего времени и гордостью нации.

Уверен, наша талантливая молодежь покорит новые вершины профессионализма и еще выше поднимет флаг нашей Родины.

Құрметті жастар!

Сіздер сияқты табысты азаматтар неғұрлым көп болса, еліміздің бәсекеге қабілеті соғұрлым арта түседі.

Халқымыздың мерейі де үстем болады.

«Жүз жаңа есім» жобасының мақсаты да – осы.

Қазіргі заман – білім мен ғылымның дәуірі.

Санасы сергек, ойы ұшқыр жастарды ел үшін аянбай еңбек етуге шақырамын.

Бұл Сіздердің қолдарыңыздан келеді.

Мен Қазақ елінің жастарына кәміл сенемін!

Баршаңызға сәттілік тілеймін!

Амандықта жүздескенше!


Подписывайтесь на наш канал:

Поделиться:
Новости по теме
Читайте также
Оставить комментарий
+7
Отправить
Сотрудники онлайн
Редактор
Гульмира Байзакова
Гульмира Байзакова
954-047

Архив