Елордалықтар домбыра шерте ала ма?

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Домбыра шерте аласыз ба? Ұлттық домбыра күні қарсаңында ҚазАқпарат тілшісі елорда тұрғындарына тұтқиылдан осындай қолқа салып көрді.
None
None

Әлеуметтік эксперимент барысында жұрт домбырадан емес, камерадан үркектейтіндей көрінді. Ал кейбір тұрғындар ұсынылған қастерлі қара домбыраны кері қайтармай, ұлттық аспап үшін алтын уақыттарын қиып, білген өнерлерін ортаға салды.

Еске салайық, былтыр ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Жарлығымен шілденің алғашқы жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып бекітілген болатын.



Автор: Аян Бекенұлы

Сейчас читают