Теннис: Кукушкин Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат  - Қазақстанныңбірінші, әлемнің 58-ракеткасы Михаил Кукушкин Уимблдон турнирінің екіншіайналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қазақстандықтеннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 78-сатыда тұрған испаниялықПабло Андухармен кездесті.

Бірінші партиядаМихаил Кукушкин брейкпен алға шықты - 4:2. Осы басымдылығын сақтай білді - 6:3.

Екінші сетте деМ.Кукушкин қарқынын бәсеңдеткен жоқ  -6:2.

Үшінші партиядақазақстандық спортшы брейкпен қоса өз геймдерін де алды - 3:1. Ақыры ол матчтыжеңіспен тәмамдады - 6:4.

Бәсеке 2 сағатқажуық уақытқа созылды.

М.Кукушкин екіншіайналымда әлемнің 12-ракеткасы, америкалық Джон Изнер немесе рейтингте62-сатыдағы норвегиялық Каспер Руудтың бірімен шеберлік байқасады.

Тағы бірқазақстандық, әлемнің 82-ракеткасы Александр Бублик рейтингте 116-сатыдағыфранциялық Грегуар Баррермен кортқа шықты.

А.Бублик біріншіпартияны жеңіспен бастады - 6:3. Алайда қалған сеттерде 4:6, 3:6, 3:6 есебіменқарсыласына есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.

Осылайша Уимблдонтурнирінде жекелей сында Қазақстаннан М.Кукушкин мен Ю.Путинцева қалды.

Еске сала кетейік,бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Уимблдонда әлемнің 2-ракеткасын ұтқанын, ал 15жасар қыздың осы турнирдің бес мәрте чемпионын жеңгенін жазған болатынбыз.

Сейчас читают