14-летняя школьница из Актобе написала стихи о произошедших событиях

АКТОБЕ. КАЗИНФОРМ - 14-летняя актюбинская школьница Салтанат Куттыбаева написала стихи, посвященные трагическим событиям в Актобе. Стихи были опубликованы в соцсетях.
None
None

Қанша адам қан жұтып жүр бұл қайғыдан?

Не болып бара жатыр осы заман?
Қанша пенде кетті екен о дүниеге?
Жазықсыздан жазықсыз жан тапсырған.

Қанша адам кетті екен жауыздардың қолынан?
Қанша қан төгіліпті құрып кеткір қарудан
Жазықсыздар жан тапсырса о дүниеге,
Ал жауыздар қыдырып жүр тату тәтті өмірде.

Қайдан ғана пайда болды осы адамдар?
Құдайдан қорықпайтын күнәһәрлар.
Соларды ақ адам деуге бармайды аузым,
Бар бәлені әкелетін сол жауыздар.

Біреудін баласы ғой бауыр еті,
Біреудің жаны сүйген жары еді.
Міне енді көре алмаймыз сол жандарды өмірде,
Есесіне көреміз біз жауыздарды көшеде.

Ақтөбеміз жарқырайды деп жүргенде,
Қирап кетті айдай сұлу көшелер де.
Қазақ елі әрқашан да жайнай берсін.
Әлгі жауыздар бұл дүниеден құрып кетсін!  

Сейчас читают