Мемлекет тарапынан мүгедек балаларға қандай қолдау көрсетіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылдың қазан айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Бұл құжатта бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға күтім жасайтын азаматтарға қатысты жеңілдіктер енгізу қарастырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.