Дүкен терминалдарында мемлекеттік қызметтің қай түрін алуға болады
«Ұлттық ақпараттықтехнологиялар» АҚ мәліметіне сәйкес, осындай 15 мың терминал бар. Соныңарқасында дүкенде, суперамеркетте мемлекеттік қызметтің бес түрін жылдам алуғаболады. Бірақ ол үшін мобильді азаматтар базасында тіркеліп, жеке кабинетті ашуқажет.
«Ұлттық ақпараттықтехнологиялар» АҚ төрағасының орынбасары Дәулет Бекмановтың айтуынша, бүгіндемемлекеттік қызметтердің біраз бөлігі электронды форматқа ауыстырылды. Ендігімақсат - аталған қызметтердің арналарын кеңейту. Осыған орай, бірнешемемлекеттік қызметті аталмыш терминалдар арқылы іске қосу туралы шешімқабылданды. «Мәселен, терминалдар арқылы мекенжай анықтамасын, адамның соттыболғаны туралы құжатты, зейнетақы және жылжымайтын мүлік туралы анықтамалардыалуға болады. Енді, терминал оны қағаз түрінде басып бермейді. Сол жерден кезкелген адам өзіне қажетті бес құжаттың біреуін электронды поштасына жібереалады. Сөйтіп, үйге барып, басып шығаруға болады», - деді Д.Бекманов ҚазАқпараттілшісі.
Айта кетейік,«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жеке құжаттардың электронды қоймасын іскеқосуды көздейді. Бұдан бөлек, бірнеше функция бәсекелестік ортаға беріледі. Соның ішінде 1414байланыс орталығы да бар.