Настройки пользователя
Настройки пользователя
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 366.43 EUR 420.11
RUB 5.58 CNY 52.87
Новости

Қазақстан кәсіпорындарында апаттар күрт көбейді - министрлік

26 Апреля 2018 13:22 1087
Поделиться:
Қазақстан кәсіпорындарында апаттар күрт көбейді - министрлік

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың алғашқы үш айында Қазақстан кәсіпорындарында апаттар саны күрт көбейді. Олардың басым бөлігі көмір және мұнай-газ салаларында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нығметжан Мақажанов еңбек және өнеркәсіп қауіпсіздігіне арналған "KIOSH-2018" халықаралық конференциясында мәлім етті.

«Соңғы 5 жылда апаттар саны 42%-ке азайған, апаттан зардап шеккендер саны -  61%, қаза тапқандар саны - 57%-ке азайған.  Алайда 2018 жылдың алғашқы үш айында апаттар саны күрт көбейді. Өткен жылдың алғашқы үш айында 2 апат тіркелсе, биылғы кезеңде - 10 апат орын алған. Олардың басым бөлігі көмір және мұнай-газ салаларында болған. Бұл дабыл қағарлық өте жоғары көрсеткіш», - деді Нығметжан Мақажанов.

Оның айтуынша, апаттардың негізгі себебі құрал-жабдықтардың, ғимараттар мен құрылыстардың ескіруі болып отыр.

«Тексерілген 98 мың қауіпті құрылғылардың 40%-ті, яғни 38 мыңы нормативтік жұмыс істеу мерзімнен асып кеткен. Екіншіден, елдегі өндірісті ұйымдастыру деңгейі өте төмен - заңнама талаптарын сақтамау, жобалық шешімдерді жүзеге асырмау, берілген нұсқамаларды орындамау және басқалары», - деп түсіндірді комитет өкілі.

Н. Мақажанов келтірген деректерге сәйкес, елімізде 8 мыңнан астам қауіпті өндірістік нысандар жұмыс істейді. Негізінен олар - жерасты кен ошақтары мен көмір шахталары, карьерлер мен разрездер, мұнай мен газ кен орындары, металлургиялық, химиялық және мұнай өңдеу зауыттары, атомдық өнеркәсіп нысандары, тораптық құбыр желілері. 8 мың  кәсіпорынның жартысына жуығы қауіптілігі жоғары нысан болып саналады.

2018 жылдың алғашқы тоқсанында Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті 376 қауіпті өндірістік нысанды тексерген. Тексеру нәтижесінде 8 мыңнан астам бұзушылықтар анықталған. 33 нысан мен 1 кәсіпорынның жұмысы тоқтатылып, 27 миллион теңгеге 269 айыппұл салынған.

Айта кетейік, Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні қарсаңында, Астана еңбек және өнеркәсіп қауіпсіздігіне арналған дәстүрлі "KIOSH-2018" халықаралық конференциясы өтіп жатыр. Онда Қазақстан, Қытай, Ресей, Түркияның 40-қа жуық компаниялары жеке қорғану құралдарын, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жаңа құрал-жабдықтарын таныстырады.

 

 

Подписывайтесь на наш канал:

Поделиться:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
...
Читайте также
Загрузка...
Сотрудники онлайн
Редактор
Биданова Айгуль
Биданова Айгуль
954-047
Редактор
Мухамедиярова Жанара
Мухамедиярова Жанара
954-047
Архив