Курсы валют:
    usd/kzt 465.38 eur/kzt 483.58

    rub/kzt 7.69 cny/kzt 64.95
Прогноз погоды
Нур-Султан: +2+4℃

Елордада Талдыкөл көлін қоқыстан тазарту экологиялық акциясы өтті

19 Июня 2021, 17:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Талдыкөл көлін қоқыстан тазарту экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бастама «Талдыкөл көлін сақтау жөніндегі жастар бастамасы» жобасы аясында жүзеге асырылды. Жобаны жүзеге асыру үшін ұйымдастырушылар бұған дейін пандемия жағдайында сенбілік ұйымдастыру, үйде қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап жинау жүйесін енгізу тақырыптарында онлайн тренингтер өткізді.

Эко-акция БҰҰ Бас ассамблеясы жариялаған экожүйені қалпына келтіру онжылдығын қолдау мақсатында ұйымдастырылды.

Ұйымдастырушылар сенбілікке қажетті қоқыс салатын қаптар, күректер және қолғаптармен қамтамасыз етті. Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласының барлық белсенді тұрғындары қатысты.

«Біз Талдыкөл көлінде арнайы акция жасадық. Қауымдастық ретінде біз көлдің бастапқы табиғи түрін сақтап қалу үшін жұмыс істеп жатырмыз. Осы орайда Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің де бұл істе жәрдем беретініне үміттенеміз», - деді іс-шара барысында Қазақстанның Экологиялық ұйымдары қауымдастығының төрайымы Айгүл Соловьева.

Айта кетерлігі, іс-шараны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, Еуразия қоры өкілінің қолдауымен «Салтанат Рақымбекова атындағы қоры» Қоғамдық ұйымы ұйымдастырды.


Автор:

Марлан Жиембай

Новости по теме
Новости партнеров