Настройки пользователя
Настройки пользователя
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 364.95 EUR 416.99
RUB 5.55 CNY 52.58
Новости

88 жасында Жамбылдың немересі, Қазақстанның Халық ақыны Әлімқұл Жамбылов өмірден озды

14 Ноября 2015 21:13 3809
Поделиться:
88 жасында Жамбылдың немересі, Қазақстанның Халық ақыны Әлімқұл Жамбылов өмірден озды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыр алыбы Жамбылдың немересі, Қазақстанның Халық ақыны, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Құрмет белгісі» орденінің иегері, Алматы облысының және Жамбыл ауданының Құрметті азаматы Әлімқұл Жамбылов 2015 жылдың 14 қарашасында 88 жасында дүниеден озды.

Ақынмен қоштасу  16 қараша күні сағат 10:00-де Жамбыл ауылында өтеді.

Әлімқұл Жамбылов 1927 жылдың 9-мамырында Алматы облысы, Жамбыл ауданының Жамбыл ауылында дүниеге келген. Алты айлығында жетім қалған Әлімқұл жасынан Жамбыл атасының жанында жүріп, тәлім-тәрбие алды және өлеңдерін жатқа айтып өсті. 1944 жылы Жамбыл орта мектебін, 1947 жылы киноактер мектебін бітірген. 1947-1948 жылдары аудандық мәдениет бөлімінде, 1952-1994 жылдар аралығында баспасөз саласында жауапты қызметтер атқарды.

Жамбылдың асыл мұрасымен жасынан сусындап, оны көріп-біліп, тыңдап өскен - Әлімқұл қазақтың ақпа-төкпе ақындық дәстүрін қаймағын бұзбай жалғастырушылардың бірі. Ол М.Көкенов, Ә.Сарыбаев, Н.Лушникова сынды танымал айтыскерлермен айтысқа түскен. Әлекең ел мен жер тарихын, ауыл тұрмысын жырға қосқан айтулы сөз шебері.

Ақынның сүйсіне жырлайтын тақырыбы ел мен жердің жетістігі, әсіресе, ауылдастарының қажырлы еңбегі еді. Ол қазақтың алып тұлғалы батырларын, палуандарын, Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, Еңбек ардагерлерін, тарихи тұлғаларды кейінгі ұрпақ санасында қалдыруды өзіне парыз санап, өлең-жырларын арнады.

Ақын жастарға, балаларға арнап ақыл-нақыл, өсиет өлеңдер қалдырды. Жамбылға, Кененге, Үмбетәліге, Тұрмағанбетке арнаған толғау-жырлары бар.

Ақынның «Қызыл сырлы домбыра», «Мен Әлімқұл, Жамбылдың немересі», «Атадан қалған бір мұра», «Жамбыл қаласында» атты жыр жинақтары жарық көрген.

 

Подписывайтесь на наш канал:

Ключевые слова: Қоғам,
Поделиться:
Загрузка...
...
Читайте также
Загрузка...
Сотрудники онлайн
Редактор
Алмас Жумабаев
Алмас Жумабаев
954-047
Редактор
Багдат Хасенова
Багдат Хасенова
954-047
Архив