Настройки пользователя
Настройки пользователя
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 15 °С
Алматы: 17 °С
USD 340.27 EUR 396.31
RUB 5.39 CNY 52.39

300 тонна шарды көтеріп тұрған «Астана-Бәйтерек» монументі жайлы не білеміз

31 Мая 2018 09:15 630
Поделиться:
300 тонна шарды көтеріп тұрған «Астана-Бәйтерек» монументі жайлы не білеміз

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордаға келген әрбір мейман ең алдымен ерекше «зәулім ағашқа» - «Астана - Бәйтерек» монументіне барады. 2002 жылы ашылған бұл бірегей ғимарат Астананың ғана емес, тұтас мемлекетіміздің өткенін, бүгінгісін, болашаққа деген үмітін көрсететін ерекше нысанға айналды.

Бәйтерек - Астананың сол жағалауында тұрғызылған алғашқы көрнекті ғимарат. Оның негізгі идеясы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ой-қиялынан туды. Атап айтқанда, Президент қасиетті «Самұрық» құсы туралы ежелгі қазақ аңызына сүйеніп, осы алып ескерткіштің эскиз-нобайын сызып берді. Монументті Ақмырза Рүстембеков бастаған жобалаушы архитекторлар - С.Базарбаев пен Ж.Айтбалаев жүзеге асырды.


300 тонна шарды көтеріп тұрған «Астана-Бәйтерек» монументі жайлы не білеміз«Астана - Бәйтерек» монументінің гид-экскурсоводы Индира Іздібаеваның айтуынша,  монумент құрылысы 18 айға созылған. Құрылысқа қолданылған материалдың барлығы Қазақстанда шығарылған, тек шар шынылары ғана Италиядан жеткізілген.

Монумент шарындағы қазіргі әйнек 5 сантиметрлік үш қабаттан тұрады, яғни оның қалыңдығы 15 сантиметрге жетеді.

300 тонна шарды көтеріп тұрған «Астана-Бәйтерек» монументі жайлы не білеміз

Нысан  темір, шыны және бетон секілді құрылыс заттарынан салынған. Монумент ауқымы таңғаларлықтай, яғни темір құрылымның биіктігі 105 метр, салмағы 1000 тоннадан асады, сондай-ақ ол 500 қада  діңгекке тіреледі. «Хамелеон» шыныдан жасалған 22 метр шар диаметрі күн сәулесінің түсуіне қарай өзгеріп тұрады. Шардың өз салмағы - 300 тоннаға жуықтайды.

300 тонна шарды көтеріп тұрған «Астана-Бәйтерек» монументі жайлы не білеміз

Ғимарат идеялық жағынан үш деңгейге бөлінеді: төменгі (жер астында), ортаңғы (жер бетінде) және жоғарғы. Монументтің төменгі қабаты жер астында 4,5 метр деңгейінде орналасқан, бұл тұрғыда ағаштың тереңде жатқан тамыры іспеттес ұлттық мәдениетіміздің, тарихи мұрамыздың тереңде екеніне мән берілген. 2017 жылдың қаңтарында «Астана - Бәйтеректе» күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, маусым айында қайта ашылған болатын. Жөндеу жұмыстарынан соң төменгі қабаттағы дәмхана, аквариумдар алынып, орнына галерея мен кәдесый сататын орын ашылды. Сондай-ақ мұнда  габаритті майысқақ дисплей қойылған.

300 тонна шарды көтеріп тұрған «Астана-Бәйтерек» монументі жайлы не білеміз

90 метр биіктікте орналасқан шар ішіне жапондық лифтпен 1 минутта көтерілуге болады. Онда Астананың жаңа келбетін тамашалайтын көрініс залы орналасқан. Жөндеу жұмыстарынан кейін шытынаған әйнектер алмастырылып, Астана ғимараттары туралы ақпар беретін LED-экрандар қойылды. Айтпақшы, монумент экскурсоводы қатты жел тұрғанда шардың жарты метрге дейін теңселетінін айтты. Желдің жылдамдығы 25 км/с асқанда, ғимараттағы лифт қызметі тоқтайды.

300 тонна шарды көтеріп тұрған «Астана-Бәйтерек» монументі жайлы не білеміз

Монументтің жоғарғы бөлігі де жаңа дизайнмен безендірілді. Монументтің күмбезінің астында шаңырақ макеті жасалып, ұшатын мифтік құстар іспетті люстралар ілінді. Мұнда «Аялы Алақан» көркем композициясы  - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің оң алақанының қолтаңбасы және  «Бата» композициясы орналасқан. «Бата» композициясында 2003 жылы Астанада жиналған 17 әлемдік діни конфессия жетекшілері Қазақстанның жері мен халқына бата беріп, өз қолтаңбаларын қалдырған.

300 тонна шарды көтеріп тұрған «Астана-Бәйтерек» монументі жайлы не білеміз

Бәйтерекке кіру құны ересектер үшін - 700 теңге, 15 жасқа дейінгі балаларға - 300 теңге және 7 жасқа дейінгі балаларға - тегін. Сондай-ақ ҰОС қатысушылары мен мүгедектері, көпбалалы аналар, І, ІІ топ мүгедектері мен мүгедек балалар, ата-ана күтімінсіз қалған балалар растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда монументке тегін кіре алады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2004 жылдан бері монументке Қазақстаннан және шетелден 8 миллионнан астам адам келген. Олардың арасында Германия Канцлері Г. Шредер, Италия Премьер-Министрі С. Берлускони, Франция Президенті Н. Саркози, Испания Королі Хуан Карлос I, сондай-ақ өзге де мемлекеттердің басшылары бар. 


300 тонна шарды көтеріп тұрған «Астана-Бәйтерек» монументі жайлы не білеміз
300 тонна шарды көтеріп тұрған «Астана-Бәйтерек» монументі жайлы не білеміз
300 тонна шарды көтеріп тұрған «Астана-Бәйтерек» монументі жайлы не білеміз
300 тонна шарды көтеріп тұрған «Астана-Бәйтерек» монументі жайлы не білеміз

 

 

 

Подписывайтесь на наш канал:

Поделиться:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
...
Загрузка...
Сотрудники онлайн
Редактор
Ринат Дусумов
Ринат Дусумов
954-047
Архив