Настройки пользователя
Настройки пользователя
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 375.90 EUR 423.56
RUB 5.55 CNY 54.06

26 қыркүйек. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

26 Сентября 2016 06:59
Поделиться:

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2016 жылғы 26 қыркүйекке арналған күнтізбесін ұсынады.

Шет тілдердің еуропалық күні. Жаңа мыңжылдық басталысымен ЮНЕСКО 21-ші ғасырды полиглоттар ғасыры деп жариялады. 2001 жыл Дүниежүзілілік тілдер жылы деп жарияланды.

Халықаралық ядролық қаруды толығымен жою үшін күрес күні. БҰҰ Бас Ассамблеясының тиісті қарарымен 2013 жылдың желтоқсанында бекітілді.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

16 жыл бұрын (2000) «Қазақстан-Сорос» қоры «Шетелде білім алу» атты алғашқы білім жәрмеңкесін өткізді. Онда әртүрлі халықаралық елшіліктер мен донор ұйымдар білім гранттарын ұсынды.

16 жыл бұрын (2002) ЮНЕСКО шеңберінде атап өтілетін ежелгі Ұлы Жібек жолы бойындағы мәдениет пен ғылым өркендеген көне Тараздың 2000 жылдығына арналған мерекелік шаралар басталды. Орталық алаңда Бәйдібек Қарашаұлының үлкен ескерткіші ашылып, Мұражай мен Тараз университеті жанынан сәулет өнерінің соңғы жетістіктері үлгісімен салынған Мұхаммед Қайдар Дулати атындағы Жастар сарайы пайдалануға берілді. Бұрынғы Химиктер сарайы жаңғыртылып, Баласағұн атындағы сарай болып қайта ашылды. Осы күні қойылған театрландырылған көрініске қаланың 6 мыңнан астам өнерпаздары қатысты.

15 жыл бұрын (2001) Республика тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы өтті.

13 жыл бұрын (2003) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетіне ұлттық мәртебе беру туралы Жарлыққа қол қойды. Бүгінгі таңда университеттің 10 факультетінде 63 мамандық бойынша кадрлар даярланып, 14 мыңнан астам студент, 650 аспирант, докторанттар және ғылыми ізденушілер дәріс алады. 63 кафедрада 1100 оқытушы, оның 226-ы ғылым докторы, профессоры, 550-і ғылым кандидаттары мен доценттер.

11 жыл бұрын (2005) Атырау мұнай өндеу зауытының есімі ғаламшарға берілді.

«Рос Астро» аспан денелер тізімдемесінде Атыраудың мұнай өндеуші зауытының есімі Бикеш шоқжұлдызының тоғызыншы көлеміндегі жұлдызға берілді. Галактикалық координаттар бойынша ол Күннен 281 жарық жыл ұзындығында орналасқан. Халықаралық нөмірі - FE 095-259.

10 жыл бұрын (2006)  Лондондағы танымал концерт залдарының бірі - Барбикан-Холлда Қазақстан Елшілігінің ұйымдастыруымен және қаржылай қолдауымен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Студенттік симфониялық оркестрінің концерті өтті.

9 жыл бұрын (2007) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пактінің, сондай-ақ Зорлық пен зомбылыққа және басқа да ауыр, адамгершілікпен сыйыспайтын немесе кемсіту түріндегі жазалауларға қарсы Конвенцияның факультативті хаттамаларына қол қойды.

Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық келісім 1996 жылы Бас Ассамблеяның қарарымен қабылданған болатын. Оның факультативті хаттамасы БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитеттің құзыреті салаларын анықтайды. Зорлық пен зомбылыққа және басқа да ауыр, адамгершілікпен сыйыспайтын немесе кемсіту түріндегі жазалауларға қарсы Конвенция 1984 жылы қабылданды. Оның факультативті хаттамасы БҰҰ сарапшыларына Конвенцияның қатысушы-елдеріндегі түрмелер мен тергеу оқшауландыру орындарында болу мүмкіндігін беріп, зорлық-зомбылықтарды болдырмауға бағытталған ұлттық тетіктерді құруға шақырады.

4 жыл бұрын Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның «Аңшы бала» кинокартинасы ХХІ ашық фестивалі аясында «КиноМалыШок» байқауында «ең үздік» фильм атанды.

4 жыл бұрын Халықаралық көрмелер бюросының Париждегі штаб-пәтерінде Қазақстан, Бельгия, Бразилия, Ресей, Таиланд, Түркия елдері делегацияларының EXPO-2017 және EXPO-2020 көрмелерін өткізу құқығы талқыланған достық кездесуі өтті.

ЕСІМДЕР


26 қыркүйек. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР10
8 жыл бұрын ақын ЖАРОКОВ Таир (1908-1965) дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Ленинградтың тарих, философия және әдебиет институтының аспирантурасын бітірген. 1932-1942 жылдары жаңадан құрылған Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастыру комитетінің хатшысы, «Қазақ әдебиеті» газеті редакторының орынбасары, халық ақыны Ж.Жабаевтың әдеби хатшысы қызметтерін атқарған. 1946-1965 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасында (қазіргі «Жазушы» баспасы) жауапты қызметте болған. Ақынның алғашқы өлеңдер жинағы 1932 жылы «Жұлдыз жарығы» деген атпен басылып шыққан. Әр жылдарда «Нефстан», «Коммунизм таңында», «Мотор жыры», «Күн тіл қатты», «Мұз тұтқыны», «Тасқын», «Отан дауысы», «Нарын», «Тастағы жазу», «Совет сұңқарлары», «Бақыт жырлары», «Жапанды орман жаңғыртты», «Костер басында», «Қырда туған құрыш», «Жыр қанаты», «Құмдағы дауыл», «Тау жырлайды», «Теңіз баласы», «Тасқынға тосқын» атты кітаптары жарық көрген. Көркем аударма саласында А.Пушкиннің «Цыгандар», «Кавказ тұтқыны», «Коломнадағы кішкене үй», «Ағайынды қарақшылар», М.Лермонтовтың «Черкестер», Грибоедовтың «Ақылдың азабы», М.Алигердің «Зоя», т.б. туындыларын қазақ тіліне тәржімалаған.

Бірнеше орденмен марапатталған.


26 қыркүйек. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР7
8 жыл бұрын (1938) тарих ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Жоғары мектеп ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері САДЫҚОВ Тоқмұхамед Сәлменұлы дүниеге келді.

Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1964-1966 жылдары - Алматы құрылыс техникумының оқытушысы. 1966-1969 жылдары - Қазақ политехникалық институтының аға оқытушысы. 1969-1970 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасы орынбасарының көмекшісі. 1970-1983 жылдары - Алматы шет ел тілдері институтының доценті, профессоры. 1987 жылы Қазақ КСР Жоғары және арнайы орта білім беру министрінің орынбасары болған. 1987-2008 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры қызметін атқарған. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері Қазақстан тарихына, психологияға, педагогика тарихы мәселелеріне арналған. Оның 400-ден астам ғылыми еңбегі, оның ішінде 10 монографиясы бар.

2-ші дәрежелі «Барыс», «Парасат» ордендерімен, медальдармен марапатталған.


26 қыркүйек. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР5
8 жыл бұрын (1958) ақын, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі БЕКТЕМІРОВА Марфуға дүниеге келген.

Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін сырттай оқып бітірген. Уәлиханов, Зеренді аудандық және облыстық «Көкшетау правдасы» газеттерінде, Қостанай облыстық радиосында тілші және Қостанай облыстық әкімшілігінде қызмет атқарған. Республикалық «Ана тілі» газетінің Қостанай облысы бойынша меншікті тілшісі болған. Қазір Қазақстан Жазушылар одағы Қостанай облыстық филиалының директоры және балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық «Жас ұлан» газетінің редакторы қызметін атқарады. Ақынның өлеңдері «Жыр тәңірі», «Тың тынысы», «Көңіл әуендері», «Арман қанатында» және «Қарлығаш» атты ұжымдық жинақтарға енген. Сондай-ақ «Жанары жәудір дүние», «Айдыным менің», «Ғашық жүрек», «Еңлік гүл» атты жеке жыр жинақтары жарық көрген. Ақын республикалық «Жігер» фестивалі мен Абайдың 150 жылдығына арналған жыр мүшәйрасында жүлдегер атанған.


26 қыркүйек. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР1
11 жыл бұрын (1905-1975) өлкетанушы, Қазақстанның халық ағарту ісінің озаты, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі ЗАРИПОВ Ғұмар дүниеге келді.

Қазіргі Батыс Қазақстан облысында (бұрынғы Бөкей ордасы) туған. Алматы педагогикалық училищесін, Орал педагогикалық институтын бітірген.

Туған ауылындағы мектепте мұғалім болған. Жергілікті, республикалық мерзімді баспасөз беттеріне мақалалар жазып тұрған. Өлкені аралап, ауыз әдебиеті нұсқаларын, Орда туралы тарихи деректерді жинаған. Оның өлкетанушылық еңбектері негізінде «Кеңес өкіметі үшін күресте» кітабы жарық көрген. 1954 жылы Алматыда өткен республикалық педагогикалық оқуда оның «8-10 кластарда көркем әдебиет шығармаларын талдау» атты баяндамасы 1-дәрежелі сыйлыққа ие болған. Сондай-ақ өлең, көркем әңгіме, әдеби сын жазған.

«Құрмет белгісі», Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен марапатталған.

60 жыл бұрын (1956) «Aspan-Tau LTD» ЖШС-інің директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор АРЫНОВ Қажымұқан Тоқтиярұлы дүниеге келді.

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), Алматы экономикалық университетін бітірген. Қазақстан Ғылым Академиясы Химия ғылымдары институты директорының орынбасары, зертхана меңгерушісі, ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері. 1996-1997 жылдары - «Алматыэкологияқұрылыс» ғылыми-өндірістік бірлестігі бас директорының орынбасары. 1997-1999 жылдары - Алматы қалалық экология және биоресурстар басқармасы бастығының орынбасары, бастығы. 1999-2000 жылдары - Сүлейман Демирель атындағы Түрік университетінің профессоры. 2000-2001 жылдары - Қызылорда облысы әкімі Біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау институтының директоры. 2001-2003 жылдары - Қызылорда облысы Аймақтық дамыту және кәсіпкерлікті қолдау басқармасының бастығы. 2003 жылы - «Казглавселезащита» мемлекеттік басқармасы бастығының орынбасары. 2003-2005 жылдары - Ыбырай Алтынсарин атындағы Қазақ білім беру академиясы президенті. 2005-2007 жылдары - «Бәйтерек» Экологиялық зерттеулер орталығы» ЖШС-інің директоры. 2007 жылдың сәуірінен Әбікен Бектұров атындағы Химия ғылымдары институтының директоры болған. Қазіргі қызметінде 2010 жылдан бастап істейді.

300-ден аса ғылыми еңбектің авторы.

45 жыл бұрын (1971) ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің төрайымы АХМЕТНИЯЗОВА Лаура Мұстафақызы дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында туылған. 1993 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша аяқтаған. 1997 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясында клиникалық ординатураны «Ішкі аурулар» мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек қызметін 1993 жылы Шымкент қаласындағы «Фосфор» МСБ учаскелік терапевті қызметінен бастаған, 1995-1997 жылдары «Фосфор» МСБ медициналық сақтандыру бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған. 1997-2000 жылдары - Міндетті медициналық сақтандыру қорының Оңтүстік Қазақстан филиалының бас маманы (Медициналық қызметтерге ақы төлеу орталығы, «Денсаулық» РКМК). 2000-2005 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының бас маманы. 2005-2006 жылдары - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтердің сапасын бақылау комитетінің Ақмола облыстық басқармасы бөлімінің бастығы. 2006-2008 жылдары - ҚР ДСМ Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің бөлім бастығы. 2009-2010 жылдары - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитеті басқармасының бастығы. 2010-2011 жылдары - Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары. 2011-2013 жылдары - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегиялық даму департаменті директорының орынбасары. ҚР Денсаулық сақтау министрінің құрмет грамоталарымен (2012), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталған. 2008 жылдан бастап денсаулық сақтау саласындағы үздік қызметкер болып табылады.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 13 тамыздағы бұйрығымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің төрайымы болып тағайындалды.


26 қыркүйек. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР16
7 жыл бұрын (1849-1936) орыстың физиолог-ғалымы, Нобель сыйлығының лауреаты, жоғарғы жүйке қызметі туралы ілімді жасаушы ПАВЛОВ Иван Петрович дүниеге келді.










26 қыркүйек. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР1
42 жыл бұрын (1874-1940) американ фотографы ХАЙН Льюис дүниеге келді.











26 қыркүйек. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР12
9 жыл бұрын (1887-1979) ағылшын ғалымы, инжеер және өнертапқыш Барнс УОЛЛЕС дүниеге келді.











26 қыркүйек. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР82
 жыл бұрын (1934) кеңестік және ресей театр және кино актері, КСРО халық әртісі  БАСИЛАШВИЛИ Олег Валерианович дүниеге келді.

 

  

 

 

Поделиться:
Архив