Валюталар курси:
    usd/kzt 424.99 eur/kzt 504.21

    rub/kzt 5.81 cny/kzt 65.66
Об-ҳаво маълумотлари:
Нур-Султон : 21 °С
Алматы: 19 °С

Оралда септикке түсіп кеткен 3 жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр

16 Май 14:34

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда септикке түсіп кеткен 3 жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚазАқпарат бұдан бұрын жазғандай, Оралда ата-анасының қарауынсыз қалған 3 жасар бала септикке түсіп кеткен болатын.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, күтушінің сөзіне қарағанда, аулаға шыққан бала септикке түсіп кеткен.

Оны сол тұстан өтіп бара жатқан ер адамдар шығарып алған.

«Баланың тыныс алу жолы бұзылып, тоқтаған. Аузына жасанды тыныс беру жасалып, қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізген. Баланы бөлімше меңгерушісі хирург, кезекші реаниматолог және нейрохирургпен бірге қарап, медициналық көмек көрсетілген. Облыстық көпбейінді балалар ауруханасынан реаниматолог пен хирург шақыртылған. Шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылған баланың жағдайы ауыр» деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да түйіскен екі жүк көлігі өртеніп, 2 адам мен 39 жылқының жанып кеткенін болатынбыз.


Муаллиф:

Елжан Ералы

Новости по теме