Валюталар курси:
    usd/kzt 426.14 eur/kzt 497.05

    rub/kzt 6.02 cny/kzt 66.69
Об-ҳаво маълумотлари:
Нур-Султон : 9 °С
Алматы: 15 °С

Оралда екі көлік соғылып, 3 адам ауруханаға түсті

23 Сентябрь 13:28

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда екі автокөлік соқтығысып, үш адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 22 қыркүйек күні шамамен сағат 11.15-те Зачаган кентіндегі Жәңгір хан мен С.Айтқұлов көшелерінің қиылысында болды.

«Лада Грантаның» 43 жастағы жүргізушісі автокөлік руліне ие бола алмай, бағдаршамда тоқтап тұрған «ВАЗ-2115» автокөлігін (жүргізушісі 34 жаста) түйген.

Жол апаты салдарынан екі жүргізуші мен «ВАЗ-2115» автокөлігінде отырған жолаушы түрлі жарақат алды.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, жарақат алған үш ер адам облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер қарағаннан кейін амбулаториялық ем алуға жіберілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда полицейлерден қашқан мас жүргізушінің орманға кіріп кеткенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Оралда 28 жастағы келіншек жаңа туған сәбиін сатып жіберген.


Муаллиф:

Елжан Ералы

Новости по теме