Валюталар курси:
    usd/kzt 426.14 eur/kzt 497.05

    rub/kzt 6.02 cny/kzt 66.69
Об-ҳаво маълумотлари:
Нур-Султон : 9 °С
Алматы: 15 °С

Astana Open: Александр Бублик финалға шыға алмады

25 Сентябрь 19:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 34-ракеткасы Александр Бублик Astana Open ATP 250 турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы жарыстың екінші ракеткасы А.Бублик жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 82-орында тұрған оңтүстіккореялық Квон Су Вумен күш сынасты.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші 6:3 есебімен басым түсті.

Екіншісінде оңтүстіккореялық қарымта қайырды - 7:5.

Үшінші, шешуші сетте Квон Сун Ву жеңісті жұлып алды - 6:3.

Екі сағаттан сәл астам уақытқа созылған матчта Бублик 26 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың тек екеуін ғана пайдаланды. Қарсыласы 7 эйс, 3 брейкке (7 брейк-пойнт) қол жеткізді.

Оңтүстіккореялық спортшы финалда аустралиялық Джеймс Даквортпен кездеседі. Ол жартылай финалда Беларусь өкілі Илья Ивашканы ұтты - 6:3, 7:6 (7:4).

Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бубликтің жартылай финалға шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакина Острава турнирінің жартылай финалына өте алмады.


Муаллиф:

Елжан Ералы

Новости по теме