Билік транзиті, Президент сайлауы, Қазақстан халқының бірлігін нығайту туралы.

Нұрсұлтан Назарбаевтың қанатты сөздері.

Билік транзиті, Президент сайлауы, Қазақстан халқының бірлігін нығайту туралы.

Нұрсұлтан Назарбаевтың қанатты сөздері.

Халқым маған тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті болу мүмкіндігін берді – Нұрсұлтан Назарбаев

Халық пен Президент әрқашан бірге болуға тиіс. Сонда ғана жетістікке жетеміз. Менің аға буын өкілдеріне айтарым, сіздердің даналықтарыңыз жастардың дұрыс жолмен жүруіне, Отанды сүюіне, мемлекетті нығайтуына, Тәуелсіздікті қорғауына және жарқын болашақ үшін еңбек етуіне жәрдемін тигізуі тиіс.

Президент сайлауы туралы... «Биылғы сайлаудың ерекшелігін білесіздер. Мен президенттік өкілеттігімді тоқтатып, жастарға жол бердім. Бұл – дұрыс шешім. Төңірегіміз түгел дамып келеді. Қазақстанды жаңа белеске бастау үшін ел басшылығына озық ойлы жаңа буын келуі керек».

«Депутаттар – партияның діңгегі, белсенді электораттың негізі. Халық сіздерге партия арқылы тиісті өкілеттіктер берді. Сіздер азаматтарымыздың мәселелерін шешу жолында жұмыс істеулеріңіз керек».

«Өзекті мәселелер туралы ашық айтып, олардың жергілікті жерде шешілуіне атсалысу керек. Біздің міндетіміз – қоғамның сенімін арттыру. Бұл үшін бүкіл қоғамның, саяси күштердің, бизнестің, зиялы қауымның, сарапшылар мен азаматтардың диалогы қажет. Қолда бар барлық алаңды пайдалануға тиіспіз. Нақты мәселелерді шешуге бағытталған жұмыс жүргізу қажет. Біз азаматтарымыздың болашаққа нық сеніммен қарауына жағдай жасауымыз керек».

«Егер біз көпұлтты халқымызды біріктіріп, тұрақтылықты қамтамасыз ете алмасақ, бүгінде елімізге шетелдік инвестиция келмей, экономика тұралап қалушы еді. Әрине, мемлекеттік қызметкерлерге де тиісті міндеттер жүктелген, бірақ бейбітшілік пен келісімді сақтау, ең алдымен, біздің халқымыздың міндеті»

«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге жеткізу. Аға буынның міндеті – адамдарға тәуелсіз, дамыған және тұрақты мемлекетті сақтап қалу біздің ортақ мақсатымыз екенін түсіндіру»

Коронавирустың таралуы жөнінде… «Мемлекет теңдессіз шараларды қабылдап отыр. Қауіпті індетпен күресте отандық бизнес те қолдан келгенше көмектесуде. Мен бұл бастаманы қолдап, әлеуметтік жауапкершілік танытуға және біздің қоғамның бірлігін көрсетуге шақырамын. Біз барлық сынақтан сүрінбей өтеміз. Біз біргеміз!»