+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Зыряновскіде жоғалып кеткен қыздың іздестіріліп жатқанына 6 күн болды

2016 жылғы 22 қыркүйек 11:37
Бөлісіңіз:
Зыряновскіде жоғалып кеткен қыздың іздестіріліп жатқанына 6 күн болды

Өскемен. ҚазАқпарат - Зыряновскіде жоғалып кеткен 17 жасар Ксения Сидоринаның іздестіріліп жатқанына 6 күн болды. Полиция қызметкерлері, қыздың туыстары мен еріктілер қаладағы күдік тудыратын барлық орындарды аралап шықты. Әзірге іздестіру жұмыстары ешқандай нәтиже бермей отыр.

Бүгін іздестіру жұмыстарына қатысып жатқан азаматтардың бірі - Әсел атты қыз қаладағы жертөлелер мен өзге де күдікті орындарды тағы бір айналып шыққалы жатқандықтарын айтты. Еріктілер болса қызды көрші қалалар мен ауылдардан іздестіруге көшті.

Алдын ала мәлім болғанындай, қыркүйектің 17-і күні таң ата Ксения Сидорина туған күнімен құтықтау үшін өзінің жігітінің үйіне кеткен. Алайда, ол қажетті жерге жетпей, жол-жөнекей жоғалып кеткен.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT