Зырянды Алтай деп атау экономикалық тұрғыдан да тиімді - Даниал Ахметов

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Зырян қаласында аудан активімен кездесіп, шаһардың атын Алтай деп өзгертуге қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудандық мәслихат депутаттары мен қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен өткен кездесуде Даниал Ахметов Зырян қаласын Алтай деп атау орынды екенін әрі экономикалық жағынан тиімді болатынын қадап айтты. 

«Аудан атын өзгерту экономикалық тұрғыдан да тиімді болатыны сөзсіз. Себебі, Алтай ұғымы - брендтік атау. Қаланың аты өзгерген соң туристер ағылатын болады. Келген туристерге лайықты жағдай жасауымыз қажет. Сол үшін соңғы 30 жылда жөндеу көрмеген көшелеріңізді ретке келтіріп, Өскеменмен екі ортадағы жолды жөндеп жатырмыз. Алтай - сан түрлі халықтың шыққан жері, түп мекені. Оны тіпті адамзаттың алтын бесігі деуге де болады. Зырян жұрты менімен келісер деп ойлаймын» -деді Даниал Ахметов. 

Жуырда осы мәселеге байланысты қоғамдық тыңдау өтеді.

Соңғы жаңалықтар