Зымыранның ұшырылымына дайындалған «Байқоңырдан» тікелей эфир жүруде

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - «Амазонас-5» телекоммуникациялық ғарыш аппараты бар «Протон-М» («Бриз-М» үдеткіш блогымен) зымыран тасығышының «Байқоңыр» айлағынан ұшырылымы Астана уақытымен 01 сағат 23 минут 41 секундқа белгіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сағат 23.15-те Роскосмос сайтында зымыран орнатылған № 200 алаңнан онлайн-трансляция жүргізіле бастады .

Видеодан «Протон» кешенін көруге болады, ара-тұра эфирге ұшырылымға әзірлік жөніндегі командалар беріліп тұрады. 

«Амазонас-5» телекоммуникациялық спутнигін Hispasat (Испания) тапсырысы бойынша Space Systems/Loral (АҚШ) компаниясы жасады. Ғарыш аппараты Орталық және Оңтүстік Америка аумағында телевидение, корпоративті желілер және телефон байланысы салаларында қызмет көрсетуге арналған.

Ауыр санаттағы «Протон-М» зымыран-тасығышының және «Бриз-М» үдеткіш блогының пайдаланылуымен испандық спутникті ұшыру келісімшартын «Протон» зымыран тасығышына эксклюзивті құқыққа ие америкалық International Launch Services Inc. (ILS, Рестон) компаниясы жасаған.

ILS - М.В.Хруничев атындағы «Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығының» еншілес кәсіпорны. 

Соңғы жаңалықтар