Зұлфуһар Жолдасов атмосфера ауасының ластануы жоғары қалаларды атады
2022 жылғы 15 наурыз 13:44

Зұлфуһар Жолдасов атмосфера ауасының ластануы жоғары қалаларды атады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атмосфера ауасының ластануы бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфуһар Жолдасов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда көпшілікті атмосфера ауасы мен стихиялық қоқыстар мәселесі алаңдатады. Осы проблемаларды шешу үшін министрлік бірқатар жүйелі іс-шара қабылдауда. Біріншіден, елдегі экологиялық жағдайды жақсарту үшін өңірлердегі экологиялық проблемаларды кешенді шешу жөніндегі Жол карталары іске асырылды. Екіншіден, атмосфералық ауаның сапасын қамтамасыз ету бойынша «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іс-шаралары жүзеге асырылуда. Үшіншіден, өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметін экологиялық реттеу және бақылау жүргізілуде. Анықтамалықтар әзірленуде және өндірістік объектілерде ең озық қолжетімді технологиялар енгізілуде. Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі жол картасы әзірленді. Тарихи ластануларды жою жүргізілуде. Экологиялық шиеленіс ошақтарының картасы әзірленді. Экологиялық заңнаманы жетілдіру жүзеге асырылады», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Оның атап өтуінше, атмосфера ауасының ластануы бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.

«Теміртау, Нұр-Сұлтан, Алматы, Актөбе, Атырау, Өскемен, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Шымкент қалаларында атмосфера ауасының жоғары ластануы орын алған. Оның бірнеше себебін айтуға болады: Алматы және Нұр-Сұлтанда – жылу көздері, автокөлік және жеке сектор. Өскемен және Теміртау қалаларында - өнеркәсіп. Ақтобе және Атырау қалаларында – ескірген кәріз тазарту құрылғылары. Экологиялық проблемаларды оның ішінде атмосфера ауасының сапасын жақсарту мақсатында министрлік аумақтық әкімдіктермен бірігіп экологиялық проблемаларды кешенді шешу бойынша жол карталарын бекітті. 2021 жылы барлығы 36 іс-шара іске асырылды», - деді З.Жолдасов.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT