Зүлфия Сүлейменова жазық аймақтардағы ылғал қорын жария етті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова жазық аймақтардағы ылғал қорын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2023 жылғы 10 қаңтар күнгі мерзімдегі «Қазгидромет» РМК берген болжамға сәйкес, республиканың жазықтықты аймақтарында ылғал қоры көпжылдық мәнімен салыстырғанда жоғары: Ақмола, Солтүстік-Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарында, Ақтөбе облысының Ілек бассейнінде. Жекелеген өзен бассейндері көпжылдық орташа мәндер көрсеткішінде: Қостанай облысының өзен бассейндері, Ақмола облысында және Ақтөбе облысында Ор бассейні. Көпжылдық орташа мәндерден төмен көрсеткіші бар өзен бассейндері Батыс-Қазақстан, Атырау, Ақтөбе және Қарағанды облысының Нұра өзені мен Қостанай облысының Тоғай өзені бассейндерінде байқалады», - деді министр бүгін Үкімет отырысында.

Осы ретте ол 2022 жылғы 31 желтоқсандағы қар өлшеу маршруттарының деректері бойынша елдің таулы бөлігінде қар қоры бойынша жағдайға тоқталды.

«Шығыс Қазақстан облысындағы Ертіс өзенінің сол жағалауындағы салаларында орташа көпжылдық мәндерден 76 пайызға дейін жоғары. Бұқтырма және Шүлбі су қоймаларының аймақтарында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының Тарбағатай жотасының оңтүстік-батыс беткейлерінде орташа көпжылдық мәндер шегінде. Оңтүстік Қазақстан өңірлерінің тауларындағы қар қоры орташа көпжылдық мәндерден төмен. 2023 жылғы қаңтар айының бірінші тоқсанындағы таулы және тау бөктеріндегі метеостанцияның ақпараты бойынша жауын-шашын көрсеткіші нормадан 1-4 есе жоғары. 2023 жылғы қаңтардағы таулы аумақтағы қар қорының көлемі туралы деректер 2023 жылғы ақпанның басында алдын ала гидрологиялық болжамда ұсынылатын болады», - деді Зүлфия Сүлейменова.


Фото: t.me/Kzgovernment

Соңғы жаңалықтар