Зүлфия Сүлейменова Астанада ит етін сату оқиғасына пікір білдірді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Астанада ит етін сату оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ит етіне қатысты мәселені зерттеп жатырмыз, бірақ кейбір маңызды тұстары да бар – санитарлық-эпидемиологиялық бақылау тарапынан тексеру жүргізілуі керек, оған қоса заңнаманы бұзу фактісі бойынша ҚР ІІМ тарапынан шаралар күтілуде. Біз де осы заң жобасын әзірлеген уәкілетті орган ретінде кеше ғана осы мәселені талқыладық. Менің ойымша, жақын арада біз ҚР ІІМ және Денсаулық сақтау министрлігімен әрі қарайғы шараларды әзірлеу үшін байланыс орнатамыз», - деп жауап берді министр Үкімет кулуарында тілшілерге берген сұхбатында.

Экология министрі жануарларды қорғау және қаңғыбас жануарлар мәселелері де өзекті болып тұрғанын айтты.

«Біз әкімдіктермен инфрақұрылымның болуы, қажеттіліктер бойынша айтарлықтай үлкен жұмыс жүргіздік. Жақын арада біз Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңды іске асыру бөлігінде қолайлы тетікті әзірлеу үшін зооқорғаушылармен және азаматтық қоғамның басқа да өкілдермен консультациялар бастаймыз», - деді З. Сүлейменова.


Соңғы жаңалықтар