Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 376.73 EUR 427.36
RUB 5.75 CNY 56.07
Jańalyqtar

Зүлфия Ғабидуллина туралы деректі фильм халықаралық фестивальде жеңіске жетті

2019 жылғы 11 ақпан 17:54 786
Бөлісіңіз:
Зүлфия Ғабидуллина туралы деректі фильм халықаралық фестивальде жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Паралимпиада чемпионы Зүлфия Ғабидуллина туралы деректі фильм халықаралық спорттық кинофестивальде 1-орынға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ресейде өткен «Атлант» ХІІІ халықаралық спорттық кинофестивалінің «Спорт және қоғам» номинациясы бойынша «QAZSPORT» телеарнасының «История маленькой русалки» (Кішкене су перісінің тарихы) атты Зүлфия Ғабидуллина туралы деректі фильм 1-орынға ие болды», -деп жазылған Ұлттық паралимпиада комитетінің Фейсбук парақшасында.

Фильмде мықты ерік-жігер, спортпен айналысуға деген құштарлық және жеңіске жету жолы баяндалады.

Айта кетсек, Зүлфия Ғабидуллина Қазақстанның паралимпиада тарихында алтын медальға ие болған алғашқы спортшы. Ол 2016 жылы Риода өткен паралимпиада ойындарында 100 метрлік қашықтыққа еркін әдіспен жүзуде мәреге бірінші болып жетті.   


Фото: istory.kz

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Дәулет Ізтілеу

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
MURAǴAT