+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Зүлфия Чиншанло Олимпиададан үшінші қола медальді жеңіп алды

2021 жылғы 26 шілде 18:48
Бөлісіңіз:
Зүлфия Чиншанло Олимпиададан үшінші қола медальді жеңіп алды

ТОКИО. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасында бүгін қазақстандық ауыр атлет Зүлфия Чиншанло жарыс жолына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
25 жастағы қазақстандық ауыр атлет Альберт Линдер қайтыс болды Ақтөбеде халықаралық олимпиада жеңімпазы марапатталды

Зүлфия әйелдер арасында 55 келіде сынға түсті. Ол жұлқи көтеруде 90 келіні бағындырды. Ал келесі кезекте 93 келіні көтергенмен, төрешілер оны санаған жоқ.

Ал серпуде ол бірден 213 келіні бағындырыды. Қоссайыстың нәтижесінде 223 келіні бағындырып, қола жүлдегер атанды.

4 спортшы қазақстандық ауыр атлеттен жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Ал тағы екеуінің көрсеткіші Зүлфиямен бірдей болды.

Зүлфия 1993 жылдың 25 шілдесінде дүниеге келген. Бұған дейін 2009, 2011, 2014 жылдарда 53 келіде әлем чемпионы атанды.

Ал 2010, 2014 жылдарда Азия чемпионатында 53 келіде күміс жүлдегер болды.

Айта кетейік, Олимпиадада қазақстандық Игорь Сон ерлер арасында 61 келі салмақта қола жүлдеге қол созды.

Сондай-ақ, дзюдошы Елдос Сметов үздік үштікті түйіндеп, медальға ие болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT