Зүлфия Чиншанло әлем рекордын жаңартып, алтынға қол жеткізді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қанжығасына алғашқы алтынды зілтемірші 53 келіге дейінгі салмақ санатында өнер көрсетіп жатқан Зүлфия Чиншанло әкелді. Қоссайыста 232 келіні бағындырған ол серпе көтеруден 134 келіні көтеріп, өзі орнатқан әлем рекордын жаңартты.

Екінші орында жалпы есепте 218 ұпай жинаған тайпейлік Сю Чу Чжин тұрақтады. Естеріңізге сала кетейік, тайпейлік спортшы Инчхондағы Азиада ойындарында Зүлфияның алдын орап алтын алып кеткен болатын.

Әлем чемпионатының қола жүлдесін 213 ұпаймен қытайлық спортшы Ли Я Чжин иеленді.

Бұған дейін кеше жарыс жолына шыққан Арли Чонтей алтыншы орынмен ғана қанағаттанса, қыздар арасынан Маргарита Елисеева алғашқы айналымнан аса алмады.

Соңғы жаңалықтар