Зүлфия Байсақова сайлау процесі туралы пікір білдірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Қазақстан дағдарыс орталықтары» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы Зүлфия Байсақова елдегі Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен өз елімнің азаматшасы ретінде дауыс беруге бардым. Дауыс беру процесі жақсы ұйымдастырылған. Қазақстан сайлау процесін ұйымдастыруға машықтанды. Биыл бұл салаға қаражат оңтайландырылғаны, партиялық тізіммен сайлау беріп жатқанымыз өте қуантады», - деді Зүлфия Байсақова.

Спикер белгілі британ саясаткері Уинстон Черчильдің «Жаман билікті сайлауға бармайтын жақсы адамдар сайлайды» деген қанатты сөзін тілге тиек етті.

Айта кету керек, бүгін яғни, 10 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісі мен Мәслихат депутаттарын сайлау басталды.

Алматыда 507 сайлау учаскесі таңғы 07:00-ден бастап ашылды. Дауыс беру орындары «ҚР Сайлау туралы» заңының, Орталық сайлау комиссиясының талаптарына сай келеді.

507 учаскеде 2535 медициналық қызметкер: 1014 дәрігер, 1521 медбике жұмыс істейтін болады. Одан бөлек кейбір сайлау учаскелерінің жанында Жедел жәрдем кезекшілік ететін болады.

Сайлаушылар маскамен келуге міндеттеледі. Егер жоқ болса оларға кіреберісте маска беріледі. Егер оның дене қызуы жоғары болса, дауыс беруге тыйым салынады.

Дауыс беруші өз учаскесін 221-10-01 кулл орталығы арқылы тегін біле алады немесе @sailau_almaty Telegram-бот көмегімен, сондай-ақ «Open Almaty» сервис орталығында және https://service.almaty.kz/ru арқылы біле алады.



Соңғы жаңалықтар