Зульфия Ғабидуллинаға «Алтын Адам» сыйлығын табыс етті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Рио2016» XV жазғы паралимпиадалық ойындардың чемпионы Зульфия Ғабдуллина мен Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев жыл сайынғы «Алтын Адам» сыйлығының лауреаттары атанды, деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Биыл «Алтын Адам» сыйлығы аясында «Жыл паралимпиадашысы» номинациясында «Алтын Адам» мүсіншесін  «Рио2016» XV жазғы паралимпиадалық ойындардың чемпионы  Зульфия Ғабдуллина, ал «Қоғамдық тану» номинациясында медальды Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Боранбаев Қайрат Советайұлы  алды.

Құрамына жылдың белгілі, құрметті адамдары енген әділқазылар қоғамдық пікірді ескере отырып, батылдығы, ерлігі, дарыны, еңбегі Отанымыздың игілігіне айналған қазақстандықтарды айқындады. 2016 жылғы мәдениет, бизнес, медицина, өнер, спорт саласындағы жоба лауреаттарының есімдерін жариялады.

Рәсімде «Отанға қызметі үшін» номинациясында сыйлық, «Шығармашылық жетістігі үшін» арнайы сыйлықтары табысталды. «Қоғамдық тану» жалпы ұлттық халықтық сыйлық лауреаттары марапатталды. Биылғы олимпиада жылы жүзу сияқты спорт түрінен қазақстандық атлеттердің алтын медаль алуымен табысты болды. Сонымен қатар Дмитрий Баландин «Жыл спортшысы»    атанды.

Биыл Рилдо Жанейрода  22 спорт түрі бойынша паралимпиадалық 528 медаль жиынтығы  сарапқа салынды. Паралимпиада спорты тарихында алғаш рет ұлттық паралимпиада құрамасының  қанжығасына алтын байланды.

Соңғы жаңалықтар