Зульфия Чиншанло Ислам ойындарында 3 алтын медаль жеңіп алды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Зульфия Чиншанло ауыр атлетикадан Ислам ойындарында үш бірдей алтын жүлдені жеңіп алды. Бұл туралы ҚазАқпарат Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«59 кг-де сынға түскен қазақстандық ауыр атлет жалпы есепте 220 келі (95 кг+125 кг) зіл темірді бағындырып, жарыс жеңімпазы атанды», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, Ислам ынтымақтастығы ойындары 2005 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Биыл бесінші мәрте жалауын желбіретті.

Биылғы додаға 55 елден спортшылар келді. Ойындар 8 тамызда басталды. Ол 18 тамызда мәресіне жетеді.

Бұған дейін Ислам ынтымақтастығы ойындарында Арли Чонтей чемпион атанды.

Сондай-ақ қазақстандық таеквондошы Жансель Дениз Ислам ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері және спорттық гимнастикадан қазақстандықтар төрт медаль жеңіп алды.


Соңғы жаңалықтар