Зорлықтан зардап шеккен ақтаулық алты жасар қыз Астанаға жеткізілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін таңғы сағат 05:20-та Санитарлық авиация республикалық орталығының мобильдік бригадасы зорлықтан зардап шеккен ақтаулық алты жасар қызды Астанаға әкелді. Ол Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына жатқызылды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда зардап шеккен қыз барлық қажетті мамандандырылған медициналық көмекті стационар жағдайында алуда. Пациенттің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың 7 айында ҚР санитарлық авиациясы пациенттерге медициналық көмек көрсету мақсатында 1086 ұшырылым (оның ішінде республика аумағынан тыс жерлерде) жасады.

Соңғы жаңалықтар