Зорлық-зомбылық қылмысын жасағандар жеке қамауда болады - Елбасы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстарына цифрлық технологияларды енгізу маңыздылығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ішкі істер органдарының жұмысына цифрлық технологияларды жаппай енгізу қажет. Жолдауда көрсетілгендей, Қазақстанның барлық қалалары қоғамдық қауіпсіздікті мониторингілеу жүйесімен жабдықталатын болады. Онлайн-режимде халықпен кері байланысты жақсартуға мүмкіндік беретін сервистер енгізіледі. Қазіргі заманауи технологиялар полиция қызметінің барлық саласын қамтиды», - деді Мемлекет басшысы ішкі істер органдар қызметін жаңғырту мәселелеріне арналған кеңесте.

Қазақстан Президентінің айтуынша, цифрландыру жемқорлықты қысқартуға, сонымен қатар басқарушылық буын мен штат санын одан ары оңтайландыруға септігін тигізеді. Мұнан бөлек, Мемлекет басшысы тек қана полиция қызметін ғана емес сонымен бірге Ішкі істер министрлігінің өзге де құрылымдарын реформалау қажеттігін атап өтті.

«Маңызды өзгерістер қылмыстық-атқару жүйесіне қатысты болады. Зорлық-зомбылық қылмысын жасаған тұлғалар өзге сотталушылардан бөлек ұсталуын қамтамасыз етеді», - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев көшелер мен басқа да қоғамдық орындардағы қылмысты барынша төмендету бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

«Адамдар өз болашақтары үшін алаңдамауы, мемлекет тарапынан қауіпсіздігі мен қорғаныста екендігіне сенімді болулары тиіс. Азаматтардың жеке және мүліктік қауіпсіздігі зор маңызға ие. Полиция жұмысы тиімділігінің негізгі критерийлері осында жатыр», - деді Қазақстан Президенті.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын Мемлекет басшысы полицияны реформалауға кідірместен кірісу қажеттігін атап өткен болатын.

Соңғы жаңалықтар