Зорлап, өлтірген: Жетісу облысында 15 жастағы оқушының денесі табылды

Фото: None
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Жетісу облысында 15 жастағы жасөспірімді зорлап, өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция жоғалған қыздың денесін тапты. Оны іздестіру жұмыстары бір апта бойы жүргізілді.

«Күдікті қаза болған қыз тұратын ауылдың тұрғыны болып шықты. Анықталғандай, күдікті оқушыны алдымен зорлап, артынша қылмысын жасыру үшін өлтірген. Кейін ауылдың шетіне барып көміп тастаған. Ол мұндай әрекетке қылмысын жасыру үшін барғанын айтты. Қазір жасөспірім қыздың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді», - делінген облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, күдікті қамауға алынды. Ол өмір бойына бас бостандығынан ауырылуы мүмкін. Оқиға 21 шілде күні Панфилов ауданында болды.


Соңғы жаңалықтар