Златан Ибрагимович УЕФА Чемпиондар лигасында рекорд орнатты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Манчестер Юнайтедтің» швециялық шабуылшысы Златан Ибрагимович УЕФА Чемпиондар лигасында өзі ойнаған клубтарының саны бойынша рекорд орнатты.

Бұл жайлы УЕФА-ның ресми сайты хабарлайды.

«Манчестер Юнайтед» швециялық шабуылшы Чемпиондар лигасында намысын қорғаған жетінші клуб болды. Ибрагимович бұған дейін осы турнирде Голландияның «Аякс», Италияның «Интер», «Ювентус», «Милан», Испанияның «Барселона» және Францияның «Пари Сен-Жермен» командалары сапында өнер көрсеткен болатын.

Осы көрсеткіш бойынша ол белгілі аргентиналық шабуылшы Хавьер Савиоланы артта қалдырды. Ибрагимович «Манчестер Юнайтед» сапында осы турнирде әзірге қақпа құлпын аша алмағанмен, бұрынғы алты команда құрамында гол соққан. Бұл да турнирдің рекорды саналады.

Соңғы жаңалықтар