Зияткерлік меншік саласын жетілдіруде Жол картасы іске асырылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Әділет вице-министрі Ақерке Ахметова зияткерлік меншік саласын жетілдіру жөніндегі келесі үш жылдық кезеңге арналған Жол картасы іске асырылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, вице-министр зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы өзгертуге қатысты түсінік берген болатын.

«Саланы ары қарай дамыту мақсатында қазіргі уақытта зияткерлік меншік саласын одан әрі жетілдіру жөніндегі келесі үш жылдық кезеңге арналған Жол картасы әзірленді. Жол картасында Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы орталықтарының үлгісі бойынша технологиялар мен инновацияларды қолдаудың орталықтандырылған орталығын (ТИҚО) құру ескерілген», - деді А. Ахметова Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен қатар, құжат аясында қолда бар инновациялық қолдау жобалары аясында халықаралық патенттеуді субсидиялау тетігін әзірлеу, зерттеулерді қаржыландыру бөлігінде жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарын мемлекеттік қолдауды ұлғайту, ұлттық өнертапқыштарды өнертабыстарды коммерцияландыру мәселелері бойынша оқытуды жүргізу, инновацияларды ынталандыру және технологияларды беру жөніндегі тәжірибені зерделеу үшін ЕО елдеріне, Қытайға, Оңтүстік Кореяға және Жапонияға оқу сапарларын ұйымдастыру, ҒЗИ ғылыми қызметкерлері, ғалымдар мен ЖОО оқытушылары үшін зияткерлік меншік және патенттану саласындағы біліктілікті арттыру қарастырылған.

«Жол картасы зияткерлік меншікті сақтау және қорғау мәселелері құзыретіне жататын мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп іске асырылатын болады», - деді вице министр.


Соңғы жаңалықтар