Зияткерлік меншік объектілерінің кеден тізіліміне енгізу ережесі жеңілдеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Зияткерлік меншік объектілерінің кеден тізіліміне енгізу ережелері жеңілдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызментіне сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 5 қаңтардағы № 407-VI ҚРЗ Заңымен (бұдан әрі – Заң) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» кодексінен 461-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы алынып тасталды.
Бұрын құқық иеленушілер зияткерлік меншігін ЕАЭО кеден шекарасы арқылы өткізу фактісін растауы керек болатын. Бұл үрдіс зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне (бұдан әрі - ЗМОКТ) енгізу туралы өтініш беру кезінде қарастырылған еді», делінген хабарламада.
Комитеттің мәлімдеуінше, бұл норма құқық иелері үшін зияткерлік меншік объектілерін тізілімге қосу кезінде кедергі болатын.
«Аталған норма Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне қана құқық бұзушылықтары анықталған зияткерлік меншік объектілерін ғана қосуға мүмкіндік берді. Ал зияткерлік меншік объектісінің иесі, зияткерлік меншік объектісін тізілімге қосу ниетімен Қазақстан нарығына алғаш рет келгенде, өзінің зияткерлік меншік объектілеріне құқығын қорғауға мүмкіндігі болмады.
Қазір кедендік тізілімге қосуға өтініш берген кезде құқық иеленушілердің Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасы арқылы тауарларды өткізу фактісін растайтын құжатты ұсынуы алынып тасталды», делінген хабарламада.
Заң 17 қаңтардан бастап күшіне енді.
- Дәурен Кеңбейіл Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі болып тағайындалды
- Қазақстандық кәсіпкерлер үшін салықты есептеу жеңілдеді және басқа төлемдер алынып тасталды
- Жеке тұлғалардың мүлікті өткізу кезінде алған кірістерін камералдық бақылу автоматтандырылды
- Қаржы министрлігі алиментке салық салынатындығы туралы ақпаратты жоққа шығарды
-
Мәжіліс Еуразиялық экономикалық одақтың шарттарын қарайды - Нұрлан Нығматулин
-
Қанша қазақстандық зейнетақы жинағын басқарушы компанияға берді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам