+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Зияткерлік меншік құқығын бұзған 3,5 млн. долларлық тауар шығару тоқтатылды

2017 жылғы 16 наурыз 17:38
Бөлісіңіз:
Зияткерлік меншік құқығын бұзған 3,5 млн. долларлық тауар шығару тоқтатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 2 айында елімізде зияткерлік меншік құқығын бұзу белгілері бар құны 3,5 млн. долларды құрайтын тауарларды шығару тоқтатылды. Бұл туралы бүгін ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Кедендік бақылау басқармасының бас сарапшысы Болат Мырзағали мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты зияткерлік меншік құқығын қорғау саласындағы ұлттық заңнама нормалары кедендік органдар тарапынан халықаралық талаптарға, оның ішінде зияткерлік меншік құқығының сауда аспектілері жөніндегі келісімге сәйкестендірілген. Қазіргі уақытта зияткерлік меншік нысандары құқығын қорғау шаралары негізінен құқық иеленушінің өтініші бойынша зияткерлік меншік нысандарының кедендік тізілімі арқылы қабылданады.

«2017 жылдың 1 наурызындағы мәліметтерге сәйкес зияткерлік меншік нысандарының кедендік тізіліміне 4152 тауарлық атау бойынша 472 тауар белгісі енгізілген. 2016 жылдың ішінде аумақтық бөлімшелермен жалпы құны 10 млн. доллардан асатын зияткерлік меншік құқығын бұзу белгілері бар тауарлардың 533 декларациясы бойынша тауарларды шығару тоқтатылды. Ал ағымдағы жылдың 2 айында жалпы құны 3,5 млн долларды құрайтын зияткерлік меншік құқығын бұзу белгілері бар тауарлардың 55 декларациясы бойынша тауарларды шығару шектелді», - деді Болат Мырзағали.

Сонымен қатар ол зияткерлік меншік құқығын сақтау саласындағы мемлекеттік бақылаудың маңызды элементі кедендік бақылау шаралары саналатындығын баса айтты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT