Зиянкестермен күреске 5 млрд теңге жұмсалады - министрлік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров фитосанитариялық қауіпсіздік туралы баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта егістіктердің жай-күйі қанағаттанарлық жағдайда. Дәнді дақылдар түптеніп, сабақтану фазасына енді. Жалпы, көктемгі егіс алаңы 19 млн гектарды құраған.

«Егінді аман-есен сақтап қалып, сапалы өнім алу үшін қазір ең алдымен қорғау іс-шараларын жүргізуге ерекше көңіл бөлу қажет. 2019 жылы 3,9 млн гектар алаңда аса қауіпті зиянды организмдерге, оның ішінде 2,3 млн гектарда дәнді дақылдар ауруларына және 950,4 мың гектарда үйірлі шегіртке тектес зиянкестерге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Аса қауіпті зиянды организмдерден қорғау шараларын ұйымдастыру үшін республикалық бюджеттен 4,9 млрд теңге, оның ішінде үйірлі шегіртке тектес зиянкестермен күресуге 2,1 млрд теңге бөлінген», - деді министр ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде.
null

Сондай-ақ, карантиндік, фитосанитариялық іс-шараларды жедел жүргізу нәтижесінде еліміздегі аса қауіпті зиянды организмдер мен карантиндік нысандар алаңы 2 есеге азайған. Мәселен, карантиндік өңдеу алқабы 2015 жылы 7,3 млн гектар болса, биыл - 3,9 млн гектарға дейін қысқарған.

Соңғы жаңалықтар