Зиялы қауым мен журналистер арасындағы бильярд турнирінің жеңімпаздары анықталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада зиялы қауым және БАҚ өкілдері арасында өткен Жолдасбек Дуанабай атындағы дәстүрлі бильярд турнирінің жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

48 адам бақ сынаған турнирге жоғары ұлттық дәрежедегі төреші Несіп Жүнісбайұлы қазылық етті.

Жарыс қорытындысы:

55 жастан асқандар санаты:

І орын (100 мың теңге) – Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің деканы, ғалым Қайрат Сақ;

ІІ орын (70 мың теңге) – журналист Әлімжан Сабыржанұлы;

ІІІ орын (50 мың теңге) – жазушы, ардагер журналист Несіп Жүнісбайұлы.

55 жасқа дейінгілер санаты:

І орын (100 мың теңге) – журналист Нұрділдә Ораз;

ІІ орын (70 мың теңге) – ақын, драматург Ұларбек Нұрғалым;

ІІІ орын (50 мың теңге) – «Хабар» агенттігінің журналисі Ахметәлі Сақ.

Жолдасбек Дуанабай атындағы арнайы сыйлық Сенат депутаты Нұртөре Жүсіпке табысталды. «Шебер ойыншы» номинациясын Шархан Қазығұл еншілесе, Қайнар Олжай мен Серік Жанболат сайыстың үздік ойыншылары атанды. Сондай-ақ турнирге қатысқан Ербол Ерденбек пен Ермұхамед Мәулен турнирдің сұрмергені атанды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, іс-шараны Aiqyn, «Литер» және Turkistan газеттері қазақ басылымдарына елеулі еңбек сіңірген белгілі журналист, Б.Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты, мәдениет қайраткері Жолдасбек Дуанабайдың құрметіне ұйымдастырды.




Соңғы жаңалықтар