Зиялы қауым «Арыс, біз біргеміз» акциясына үн қосты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин зиялы қауым атынан «Арыс, біз біргеміз» акциясына үн қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Арыстағы ауыр жағдай арқамызды аяздай қарыды. Алаштың жұртын, қазақтың елін қатты қайғыға батырды. Біз күтпеген нәрсе еді. Арыстықтарды, түркістандықтарды, оңтүстік жұртына сіздермен біргеміз дегіміз келеді. Сіздердің төзімдеріңіз бүгін де сынға түсіп отыр. Күллі қазақ жұрты сіздермен бірге! Осы кезде Түркістан өңірінің әкімі Өмірзақ Шөкеевтің халқын бір үлкен бірлікке шақырып, әрекет жасағаны, суыт хабар астанаға жеткен кезде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы ұшып баруы, бүкіл елдің жұмылып жатуы - ұлттық қайғыны көтеру үшін республиканың әлеуеті жететінін көрсетеді. Айқай ешкімге пайда бермейді. Өз қайғымызды өзіміз жеңуіміз керек. Қайғыны жеңудің ең басты күші - ішкі бірлік. Зиялы қауым шет қалмайды. Қолынан келгенше Түркістан жұртшылығына көмегін береді», - деді Нұрлан Оразалин «Хабар» және «Qazaqstan» арнасындағы «Арыс, біз біргеміз» телемарафонында.

Еске сала кетсек, Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге көмек қолын созу мақсатында елімізде «Арыс, біз біргеміз» акциясы өтіп жатыр. Акция аясында Мәдениет және спорт министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері бір күндік жалақысын аудармақ. Осы бастамаға депутаттар да қосылған.

Акция аясында Түркістан облысы Арыс қаласындағы оқиғадан зардап шеккендерге жәрдем беру үшін облыс әкімшілігінің жанынан ашылған «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына хабарласуыңызға болады.

«Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры реквизиттері

Түркістан облысы

Түркістан қаласы, Кызылорда тас жолы , 34 А ғимараты,

Пошта индексі 161200

БСН (БИН) 100440016000

«ForteBank» АҚ Түркістан қаласындағы филиалы

ЖСК (ИИК) KZ7196528F0007014540

БСК (БИК) IRTYKZKA

Фото:ult.kz

Соңғы жаңалықтар