Зиябек Қабылдинов жылдың үздік ғылыми қызметкері атанды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Зиябек Ермұханұлы Қабылдинов «Үздік ғылыми қызметкер-2022» атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2022 жылдың желтоқсанында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «Үздік ғылыми қызметкер» атты жыл сайын өткізілетін еліміздің үздік ғалымдар тізімін анықтады.

Аталмыш байқауда Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, т.ғ.д., профессор Зиябек Ермұханұлы Қабылдинов «Гуманитарлық және өнер ғылымдары» бағыты бойынша үздіктер қатарынан табылды.

Айта кетсек, бұл байқау ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан Қазақстан бойынша ғылым саласында еңбек етіп жүрген ғылыми қызметкерлерді қолдау мақсатында өткізіледі.

2022 жылы байқауға барлығы 126 өтініш түсіп, апелляциялық комиссияның қарауына өткізілген делінеді Ғылым министрлігінің жеке сайтында.


Соңғы жаңалықтар