Əзірет Сұлтан мешітіне жаңа Бас имам тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Наурызбай қажы Тағанұлы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы және ҚМДБ-ның Астана қаласындағы өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат muftyat.kz сайтына сілтеме жасап.

Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының қатысуымен жиналыс өтті. Жиында Бас мүфти бұйрығымен бiрiншi наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы және Астана қаласының өкілі болып тағайындалғаны жария етілді.

Жиналыс барысында Бас мүфти жыл басынан бергі жағдайларды сараптай келе Елордамыздың діни өміріне ықпалды өзгерістер енгізіп, жандандыра түсуге Наурызбай қажы Тағанұлындай білікті басшының қажет екенін атап өтті. Жақында ғана жаңадан ашылған Түркістан облысындағы ҚМДБ Кеңсесінің жұмысын да жолға қойып, жаңа құрылымға жан бітірген қызметін де айрықша бағалайтынын атап өтті.
null 

Соңғы жаңалықтар