Зиратты тонау жағдайы жиілеп кетті - сенатор

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сергей Плотников зиратты тонау жағдайы жиілеп кеткенін айтып, Премьер-министрдің атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің депутаттық сауал жолдауыма коммуналдық және тұрғын үйлердің қажеттілігіндегі металл заттарды ұрлау жағдайы жиілеп кеткені туралы шағымдар себеп болып отыр. Нақтырақ айтқанда, қаскөйлер кәріз суларының люктарын, мүгедектерге арналған пандустарды, есіктерді ұрлап кетіп жатады. Бұл коммуналдық кәсіпорындардың жұмысына айтарлықтай зиянын тигізіп, адамдардың амандығына қауіп төндіреді. Сонымен бірге бейіттердегі вандализмнің көбейіп бара жатқаны әлеуметтік қысымды одан ары арттырады. Зираттардағы шойын және темір қоршаулар ұрланып, ескерткіштер, құлпытастар қиратылуда», - дейді Сергей Плотников.

Оның айтуынша, темір қабылдайтын орындар мен фирмалардан біліктілік талаптары мен лицензиялары алынып тасталғаннан кейін ұрлық тіпті жиілеп кеткен. Сенатор өз сөзінде бақылау және қадағалауды алып тастар алдында қарапайым азаматтардың да мүддесін ойлау керектігін атап өтті.

«Туындаған жағдайды есепке ала отырып, темір және түсті металдарды қабылдаумен айналысатын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысын түзету бойынша кешенді шараларды қабылдауды сұраймын», - деді Плотников.

Фото: minbar.kz

Соңғы жаңалықтар