Зимбабвенің бұрынғы президенті Роберт Мугабе қайтыс болды

None
None
ХАРАРЕ. ҚазАқпарат – Зимбабве Республикасының бұрынғы президенті Роберт Мугабе 95 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ZimLive-ке сілтеме жасап.

Мугабе Сингапурда отбасының ортасында, соның ішінде жұбайы Грейстің қасында ауруханада көз жұмды.

«Өкінішке орай, біз одан айырылып қалдық. Біз бұл күн ешқашан келмейтін болар деп үміттендік. Ол жақсы өмір сүрді», - деді Мугабе билігі кезіндегі бұрынғы министрі. Ол аты-жөнін жарияламауды жөн көрді.

Роберт Мугабе 2017 жылдың қарашасында елді 37 жыл билегеннен кейін әскери төңкеріс нәтижесінде биліктен шеттетілді. Ол Сингапурда сәуірі айынан бастап емделіп жатқан.

Зимбабве президенті Эммерсон Мнангагва 2 апта бұрын үкімет отырысында дәрігерлердің оның өмірін жасанды жолмен ұзартып отырудан бас тартқанын мәлім етті.

Р. Мугабе 1980 жылы елдің премьер-министрі болып, Зимбабве билігіне келген еді. 7 жыл өткеннен кейін ол премьер-министр лауазымын қысқартып, өзін елдің президенті етіп тағайындады.


Соңғы жаңалықтар