Зимбабведе жаңа президент сайланды

None
None

ПРЕТОРИЯ. ҚазАқпарат - Зимбабве президент сайлауында Эммерсон Мнангагва жеңіске жетті, деп хабарлайды ВВС.

Зимбабвені 20 жыл басқарған Роберт Мугабе отставкаға кеткеннен кейін елде алғаш рет парламент және президент сайлаулары өткізілді. 10 провинциядағы дауыстарды санап шыққан соң, орталық сайлау комиссиясы Эммерсон Мнангагваның президент сайлауында ең көп дауыс жинағанын мәлім етті.

Мнангагва сайлауда 50,8% дауыс жинаған, ал оның басты қарсыласы Нельсон Чамизді сайлаушылардың 44,3%-ы жақтаған.

«Зимбабве африкалық ұлттық одағы» партиясының басшысы Эммерсон Мнангагваны қолдағандардың саны 2,46 миллионға жеткен.

Өз кезегінде, оппозиция өкілдері сайлау нәтижелерінің ақылға қонымсыз екенін айтып, байбалам салып отыр. Мнангагва сайлаушылардың жартысынан астамының даусын жинағандықтан, сайлаудың екінші турын өткізуге қажеттілік қалмады.

Соңғы жаңалықтар