Зимбабведе 8 млн адам аштықтан зардап шегуде

None
None
ХАРАРЕ. ҚазАқпарат - Зимбабведе ұзаққа созылған құрғақшылық салдарынан миллиондаған адамдар аштықтың құрбаны болуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Business Report сілтеме жасап.

Бұл туралы БҰҰ Бүкіләлемдік азық-түлік бағдарламасы жариялады. Ұзаққа созылған құрғақшылық салдарынан елдегі тұрғындардың жартысы, яғни 8 млн-ға жуығы азық-түлік жетіспеушілі зардаптарын тартуда. Сондықтан аталған халықаралық ұйым 4,1 млн адамға көмек көрсетіп, қажетті азық-түлік көлемін жеткізбекші.

«Жағдайдың күрделенуі ақпан айының соңында болады», - деді Зимбабведегі Бүкіләлемдік азық-түлік бағдарламасының өкілі Нильс Бальцер.

Елді жайлаған құрғақшылық осы жылы жүгері өнімдері көлемін 50 пайызға дейін қысқаруына алып келген.


Соңғы жаңалықтар