Зимбабве Қазақстанның көлік-коммуникация желілерін жаңғырту тәжірибесіне қызығушылық танытты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Зимбабве Қазақстанның көлік-коммуникация желілерін жаңғырту тәжірибесіне қызығушылық танытты. Бұл туралы Ақордада Зимбабве Президенті Эммерсон Мнангагвамен келіссөзден кейінгі брифингте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Қазақстандық кәсіпорындар Зимбабве аумағында пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі бірлескен жобаларға қатыса алар еді. Көлік-коммуникация желілерін жаңғыртуда ынтымақтастық үшін әлеует бар екендігін де атап өткім келеді. Бүгін бұл жайында сөйлестік және Зимбабве бұл тұрғыда тәжірибемізді алуға дайын", - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті зимбабвелік әріптесімен жаһандық күнтәртіптегі мәселелерді талқылағандығын және көптеген өзекті мәселеде көзқарастары сай келетіндігін атап өтті.

"Хараре тарапының Қазақстанның халықаралық бастамаларына қолдау білдіруін бағалаймыз. Біз үшін Зимбабве дауысы маңызды. Өйткені, ол - негізгі өңірлік ел, Африкалық одақтың ықпалды мүшесі, БҰҰ-ның белсенді қатысушысы. Біз БҰҰ мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі аясындағы өзара іс-қимыл мен тәжірибе бойынша бірлескен жұмысымызды жалғастыруға ниетті екендігімізді қуаттадық.  Сонымен қатар біз елдеріміз Қазақстан байқаушы болып саналатын Африка одағы аясында тығыз жұмыс істейтін боламыз деп уағдаластық", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
null 

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Зимбабве Президентінің Астанаға бірінші ресми сапары екі елдің де түрлі саладағы тығыз ынтымақтастықты дамытуға ұмтылатындығын көрсететіндігін баса айтты.

Эммерсон Мнангагваның айтуынша, соңғы 20 жыл бойы Америка мен Еуропа елдері  санкциясының құрсауында болған Зимбабвенің экономикасы бүгінде құлдырап кеткен. Сондықтан ел экономикасын жаңғыртуға бет бұрмақ. Осы ретте зимбабвеліктер Қазақстанның  экономиканы индустрияландырудағы тәжірибесіне аса қызығушылық танытып отыр. 

"Зимбабве Қазақстан осыдан 20 жыл бұрын болған кезеңде тұр. Сондықтан достас елге келіп, осынау қысқа ғана кезең ішінде қалай дамығандығын үйренуіміз қажет. Сіздердің қол жеткізген жетістіктеріңізге таңданысымызды жасыра алмаймыз. Бұған қоса, бізде де сіздердегідей дамудың болуына тырысамыз",- деді Зимбабве Президенті. 

Соңғы жаңалықтар