Зілтемірші Татьяна Капустина допинг қолданғаны үшін әлем чемпионы титулынан айырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық зілтемірші Татьяна Капустина допинг қолданғаны үшін әлем чемпионы титулынан айырылды, деп хабарлайды Sports.kz.

Quadratin агенттігінің Халықаралық ауыр атлетика федерациясына сілтеме жасап хабарлағанындай, қазақстандық зілтемірші Татьяна Капустина 2015 жылы Перудегі жастар чемпионатындағы алтын медалінен айырылды.

Бұл шешім Капустинаға жасалған допинг-сынақтамасынан кейін қабылданған. Осылайша, әлем чемпионы титулы эквадорлық атлет Айови Кабесасқа, күміс жүлде - Украина спортшысы Анастасия Шишановаға, ал қола медаль мексикалық зілтемірші Лизабет Руис Ноласкоға бұйыратын болды.

Соңғы жаңалықтар