05.05.2011 09:24 ҚАШАУБАЕВ ӘМІРЕ Қашаубаев Әміре (1888 -1934) - қазақтың атақты әншісі, актер әрі музыканты. Шығыс Қазақстан облысының Абыралы ауданына қарасты Дегелең тауының алабында туған. Шыққан тегі Орта жүз ішіндегі Тарақты руы.
19.04.2011 11:54 ӘБДІЛДӘ ТӘЖІБАЕВ Әбділда Тәжібаев (1909-1998) - көрнекті ақын, драматург, әдебиет, театр зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
18.02.2011 15:28 ОМАРОВ СЕЙІТЖАН Омаров Сейітжан (1907-1985) - жазушы, ақын, аудармашы. Ақмола облысы Атбасар ауданы Керегетас ауылында дүниеге келген.
01.09.2010 17:42 ТОҚМАҒАМБЕТОВ АСҚАР Тоқмағамбетов Асқар (1905-1983) - ақын, жазушы. Қазіргі Қызылорда облысы Тереңөзек ауданында дүниеге келген.
30.07.2010 09:19 МҰСТАФИН ҒАБИДЕН Мұстафин Ғабиден (1902-1985) - қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі. Қазақстанның халық жазушысы, Абай атындағы Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
25.06.2010 16:39 ЖАЯУ МҰСА БАЙЖАНҰЛЫ Жаяу Мұса Байжанұлы (1835-1929) - әнші, ақын, композитор. Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінің маңында дүниеге келген.
14.05.2010 09:30 БАЙМЫРЗАҰЛЫ БАЛУАН ШОЛАҚ Баймырзаұлы Балуан Шолақ (Нұрмағанбет) (1864-1916) - қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны.
22.04.2010 16:52 ШИПИН ОМАР Шипин Омар (1879-1963) - ақын, Қазақ КСР-інің халық ақыны, КСРО Жазушылар одағының мүшесі, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына белсене қатысушы, көтеріліс жаршысы, Амангелді Имановтың сенімді серіктерінің бірі. Қазіргі Қостанай облысы Қостанай ауданында туған.
05.04.2010 10:08 БАЙЗАҚОВ ИСА Байзақов Иса (1900-1946) - қазақтың халық ақыны, әнші, әртіс, домбырашы, композитор.
19.03.2010 09:24 МҰҚАНОВ СӘБИТ МҰҚАНҰЛЫ Мұқанов Сәбит Мұқанұлы (1900-1973) - қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі.
02.03.2010 12:48 БАЙҒАНИН НҰРПЕЙІС Байғанин Нұрпейіс (1860-1945) - халық ақыны, жырау, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Ақтөбе облысының Темір ауданында (қазіргі Байғанин ауданы) туған.
12.02.2010 11:47 ӘЗІРБАЕВ КЕНЕН Әзірбаев Кенен (1884-1976) - қазақтың әйгілі халық ақыны, әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО Жазушылар одағының мен Композиторлар одағының мүшесі.
27.01.2010 12:20 МАЙЛЫҚОЖА СҰЛТАНҚОЖАҰЛЫ Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835-1898) - қазақтың халық ақыны (суырып салма ақын). Қазiргi Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Қожатоғай ауылында дүниеге келген.
14.01.2010 10:17 МҮСІРЕПОВ ҒАБИТ МАХМҰТҰЛЫ Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы (1902-1985) - қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, әдеби сыншы, аудармашы, Социалистік Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ КСР Ғылым академиясының Абай атындағы және Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты.
09.12.2009 10:02 ШАНИН ЖҰМАТ ТҰРҒЫНБАЙҰЛЫ Шанин Жұмат Тұрғынбайұлы (1892-1938) - режиссер, драматург, актер, ұлттық профессионалды театр өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам жөне театр қайраткері, Қазақ КСР-інің халық әртісі.
02.11.2009 09:31 МҰРЫН ЖЫРАУ СЕҢГІРБЕКҰЛЫ Мұрын Сеңгірбекұлы (1859-1954) - жырау, Қазақ халқының рухани асыл қазынасының бірі «Қырымның қырық батыры» жырын Сыпыра жыраудан бес ғасыр кейін жырлап, біздің заманымызға ұластырған ұлы жыршы.
19.10.2009 16:58 ӘСЕТ НАЙМАНБАЙҰЛЫ Әсет Найманбайұлы (1867-1922) - қазақтың суырыпсалма ақыны, әнші-композиторы. Қарқаралы уезінің Темірші болысының 8-ші ауылында, қазіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында дүниеге келген.
05.10.2009 17:23 СЕЙФУЛЛИН СӘКЕН Сейфуллин Сәкен (Сәдуақас) (1894-1938) қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткері, Қазақстанның қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Қазақ КСР-інің Халық Комиссарлары Кеңесінің алғашқы төрағасы болған.
25.09.2009 09:25 ЕСТАЙ БЕРКІМБАЙҰЛЫ Естай (Есмағамбет) Беркімбайұлы (1868-1946) - ақын, әнші, композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Композиторлар одағының алғашқы мүшелерінің бірі.
15.09.2009 11:49 МҰРАТ МӨҢКЕҰЛЫ Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906) - айтыскер ақын, жырау. Қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылында дүниеге келген. Жасынан жетім қалып, ағасы Матайдың қолында тәрбиеленген.