Жыныстық зорлығы үшін халықаралық іздеу жарияланған 27 қазақстандық ұсталды - ІІМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылығы үшін іздеу жарияланған 27 қазақстандық ұсталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«7 маусымнан бастап өтізіліп жатқан «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасы барысында іздеуде жүрген 78 қылмыскер ұсталды. Олардың қатарында жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған 27 қазақстандық және ТМД елдерінің 3 адамы бар. Көші-қон қызметінің мәліметіне сәйкес, «Мигрант» операциясы барысында көші-қон заңнамасын бұзғандарға қатысты 518 сот шешімі қабылданды. Олар ел аумағынан шығарылды», - деді Нұрділдә Ораз.

Сонымен қатар ол Ішкі істер министрінің атына күн сайын азаматтардан полиция қызметкерлеріне алғыс айтқан хаттар келіп түсетіндігін айтты. Мәселен, Алматы тұрғыны Медеу аудандық полиция басқармасының аға жедел уәкілі Абзал Шәріповке алаяқты іздестірудегі жедел жұмысы үшін алғыс білдіреді.

«Жоғары сапалы орындалған жұмыс үшін алғысымды білдіргім келеді. Абзал өзінің біліктілігі арқылы полицейдің бойында қандай қасиеттері болуы керектігін көрсетті. Өзінің қызметтік міндеттерін орындауға өте жауапты қарайды. Бір жылдан астам уақыт іздеуде жүрген күдіктіні жедел тауып, жеткізді. Осындай сауатты мамандардың арқасында барлық қылмыскерлер тиісті жазаға тартылуы үшін жұмыста сәттілік тілеймін!»,- деп жазады хат авторы Болғанай Кәметова.


Соңғы жаңалықтар