«Жын» фильмі қазақстандық актерлерді әлемдік биікке шығарады деп сенемін - американдық режиссер Чак Рассел

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Американдық режиссер Чак Рассел қазақстандықтармен бірігіп түсірілетін «Жын» фильмі туралы толығырақ баяндап берді.

Оның айтуынша, Голливуд пен Қазақстан арасындағы жаңа жоба актерлерді әлемдік биікке шығаруға көмектеседі.

«Жын» фильмі толығымен ағылшын тілінде түсіріледі. Кино әлем бойынша көрсетілмек. Мұнда шытырман оқиғалар мен комедия, экшн, тіпті романтикалық комедияны да табуға болады. Негізінен қазақстандық және голливуд актерлері сомдайтын 3 басты рөл болады. Кім екендігі әлі белгісіз. Бұл қазақстандық актерлерді әлемдік биікке шығаруға көмектеседі деп сенемін», - деді Ч.Рассел.

Фильмның түсірілімі келесі жылы басталады. Түсірілім жұмыстары АҚШ пен Астанада өтпек. Туындының негізгі идеясы Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесінің мақсатын жеткізу.

«Биыл қарашада американдық фильммаркет өтеді. Сол кезде біз АҚШ тарапынан бізбен кім жұмыс жасайтынын анықтайтын боламыз. Ал, ол орынға үміткерлер өте көп», - деді «Қазақфильм» АҚ президенті Ермек Аманшаев.

Оның айтуынша, фильмде қажет болатын арнайы эффектерді де қазақстандық компания жүзеге асырмақ. Компьютерлік графикамен қазір Ернар Құрмашев айналысып жатыр. Ал, Рашид Нұғманов креативті продюсер болмақ.

«Біз Ернар екеуміз компьютерлік бейнелерді өңдеу студиясында моушн-арт технологиясы бойынша тестілік жұмыс жасап көрдік. Нәтижесі керемет», - деді Чак Рассел.

Ал, бірлескен жобаның бюджеті жайлы ақпарат құпия күйінде қалды. Американдық режиссердің айтуынша, ол фильм салынған инвестицияны

ақтайтын болады.

Соңғы жаңалықтар