Жылжымайтын мүліктің кепілін тіркеу мерзімі 1 жұмыс күніне дейін қысқартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жылжымайтын мүліктің кепілін тіркеу мерзімі 1 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Бұл туралы халыққа онлайн режимде есеп беру кездесуінде Әділет министрі Марат Бекетаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жылжымайтын мүлік кепілін электронды тіркеу енгізілді. Енді банктер меншік иесімен кепіл шартын жасасқаннан кейін оны электрондық тіркеуге жібере алады, бұл азаматтардың Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінуін тоқтатады. Кепілді тіркеу мерзімі үш жұмыс күнінен бір жұмыс күніне дейін қысқартылды», - деді М. Бекетаев.

Оның айтуынша, жылжымайтын мүлік дерекқорындағы мәліметтерді уақтылы жаңартуға мүмкіндік беретін электрондық тіркеуді сәтті қолдану алты айлық мерзімді өткізіп алғаны үшін әкімшілік жауапкершіліктің жойылуына ықпал етті. Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік қадастрын құру бойынша жұмыс жүргізілуде.

«Осы жүйені қолдану азаматтарға бір өтініштің негізінде жер учаскесін рәсімдеуге және оған құқықтық тіркеуге мүмкіндік береді. Осылайша, қызметтерді көрсету мерзімдері мен тиісінше азаматтардың қаржылай шығындары қысқартылады», - деді ведомство басшысы.


Соңғы жаңалықтар